Бейорганикалық химияны оқыту әдістемесінің жазбаша емтихан сұрақтары


Күкірт және оның қосылыстарын оқытудың жалпы жоспарын құрастырыңыз



бет24/47
Дата07.02.2023
өлшемі170,06 Kb.
#65741
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47
Байланысты:
Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра

32. Күкірт және оның қосылыстарын оқытудың жалпы жоспарын құрастырыңыз.
Бұл тақырыпты оқып үйретудің негізгі мақсаты: күкірттің периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы, табиғатта таралуы және қасиеттерімен, маңызды қосылыстары және олардың қолданылуы туралы білімдерін тереңдете түседі. Ұйымшылдықпен өз бетінше жұмыс жасауға бейімдеу
Оқушылар бұл тақырыпты оқып-үйрену нәтижесінде оқушылар темір туралы жалпы мәліметтерді біледі, генетикалық және сандық есептер шығара алады. Тақырыпты түсіндірудің қысқаша жоспары:
-күкірттің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылымын, қасиеттерін,табиғатта таралуы, қолданылуы т.б жөнініде мәліметтер беріледі.
-күкірттің химиялық қасиеттеріне баса назар аударған жөн
-күкірттің қосылыстары жөнінде мәлімет беру,олардың физико-химиялық қасиетіне тоқталу
-оқушылардың тақырыпты меңгергеніне көз жеткізу үшін әртүрлі өзіндік жұмыстар не топтық тапсырмалар беру.
Күкірттің негізгі қосылыстары:
S O2 (ІҮ) оксиді –түссіз, өткір иісті газ.Көп мөлшері ( ауада 0,03 % болса) адамды уландырады. Ол мата мен қағазды ағарту үшін және дезинфекциялық зат ретінде медицинада, ветеринарияда, көкөніс, жеміс қоймаларын зарарсыздандыруға қолданылады.
S + O2 = S O2
S O3 (ҮІ) оксиді немесе күкірт ангидриді деп аталады. Ол алғашында ақ түтін түрінде түзіліп, қыздырғанда біртіндеп сұйыққа айналады.Егер ылғалды жерде ұзақ сақталса, қатты мөлдір , мұз тәріздес кристалдар түзеді.
2S O2 + O2 = 2S O3
H 2S күкіртсутек қышқылы - шіріген жұмыртқаның жағымсыз иісі бар, ауадан ауыр, түссіз газ.Нәруыз шіріген кезде әрдайым күкіртсутек түзіледі, ұнамсыз иіс осыдан пайда болады.
H 2 + S =H 2S
H 2S O4 күкірт қышқылы-өсімдік майы тәрізді , тұтқыр келген түссіз ауыр сұйықтық.Күкірт қышқылы бөлме температурасында ұшпайды, сондықтан иісі жоқ.Қышқылдың ерітіндідегі мөлшері 70%-тен жоғары болса, концентрациялы қышқыл деп аталады. Тұздары сульфат
S O3 + H 2 O = H 2S O4
S O3 +H 2S O4 = H 2S2 O7 олеум
33.«Азот топшасы» тақырыбыноқытудағынегізгі химиялық түсініктердің мәнін ашыңыз. Тақырыптыоқытудыңжалпыжоспарынқұрастырыңыз.
Азот топшасы бойынша топты, топшаны және жеке элементті сипаттау, өтілген топшаның элементтерімен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау жөніндегі оқушылардың білімі мен білігі нығаяды. Периодтық заң және жүйе, заттың құрылысы және химиялық байланыс туралы білім дамиды, жаңадан донор-акцепторлы байланыс жайында ұғым қалыптасады.
Аммиак оттегінде жанып, бос күйіндегі азотқа, ал катализатор қатысында азот (ІІ) оксидіне дейін тотығады. Азот (ІІ) оксиді ауадағы оттегімен азот (ІV) оксидіне дейін тотығып, сумен әрекеттескенде азот қышқылына айналады. Азот қышқылы тотықсызданғанда бұған керісінше әрекет жүзеге асады. Азот қышқылы тотықтырғыш қасиет көрсеткенде өзінен кейінгі тотығу дәрежелеріндегі алты өнімнің бәрін беруі мүмкін. Солардың ішінде ең көп мөлшерде түзілетіндері: NO және NO2.
Бұл арада тотықсыздану өнімдері металдардың активтілігіне және қышқылдың концентрациясына тәуелді екенін айтып, мыналарды атоп өткен жөн: 1) сұйылтылған азот қышқылы сілтілік жер металдармен және мырышпен, темірмен әрекеттескенде аммиакқа дейін тотықсызданады; 2) сұйылтылған азот қышқылы активсіз ауыр металдармен әрекеттескенде азот (ІІ) оксиді түзіледі; 3) концентрлі азот қышқылы сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттескенде азот (І) оксиді бөлінеді; 4) концентрлі азот қышқылы ауыр металдармен азот (ІV) оксидін түзеді; 5) концентрлі азот қышқылы темір, хром, алюминий, алтын, платина, тантал металдарына әсер етпейді. Бұл заңдылықтарды білу азот қышқылының металдармен әрекеттесу реакцияларының электрондық баланс теңдеулерін сауатты жазуға жәрдемдеседі.
Фосфор атомының құрылысы, түзетін жай заттары, сутегі және оттегімен қосылыстары, оксиді мен қышқылдары, орта және қышқыл тұздары азотпен салыстырып қарастырылады. Фосфор қышқылының сатылап диссоциациялануына, соған сәйкес түзетін тұздарының ерігіштігіне және маңызына назар аударылады. Фосфор және азот тыңайтқыштарының құрамы, қоректік заттары, тиімділігі, қолданылу тәсілдері жөнінде ұғым қалыптастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет