Байланысты: Бейорганикалы химияны о ыту дістемесіні жазбаша емтихан с ра
29. Атом құрылысы теориясы тұрғысынан периодтық заң және химиялық элементтер жүйесін оқыту әдістемесін түсіндіріңіз. Табиғаттың табиғи заңы ретінде периодтық заңның мәнін ашыңыз. Д.И.Менделеев ашқан периодтық заң – табиғат дамуының жалпы заңдарының бірі. Ол химиялық элементтер және олардың қосылыстары туралы білімді бір жүйеге түсіруге және батыл болжамдар жасауга мүмкіндік берді. Атомдық құрылысын анықтауга, жаңа элеманттерді ашуга және синтездеуге жол- жоба көрсетті. Периодтық заңның негізінде атомдық физика, геохимия және басқа да жаратылыстану ғылымы жедел дамыды.
Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалы элементтер және олардың қосылыстарының қасиеттері периодты түрде өзгеретіні және оның себептері жөнінде ұгым қалыптастырады. Химиялық әрекеттердің жүру заңдылықтарын терең түсінуге жәрдемдеседі, бейорганикалық және органикалық химияның негіздерін санлы меңгеруге жәрдемдеседі.
Периодтық заң және атом құрылысы туралы оқу материалын қарастырудың үш тәсілі қалыптасты.
Бірінші тәсіл- химия ғылымының даму қисынына негізделеді. Ғылымда алдымен периодтық заң ашылып, периодтық жүйе жасалды, соңынан периодтық жүйедегі заңдылықтарды түсиндіретін атом құрылысы мәліменттер анықталды . Д.И.Менделеев периодтық заңды тәжірибелік білімге сүйеніп қорытты, ішкі мәнісін түсиндіре алмады. Бірақ оның болашақта дамитынына, жаңа көзқараспен толысатынына кәміл сенді.Сондықтан Д.И.Менделеевтің данышпандығын, жалпы заңды ашудағы ғылыми ерлігін көрсету үшин алдымен периодтық жүйе және периодтық заң толық өтілді. Содан соң атом құрылысы қарастырылып, периодтық жүйе электрондық теория тұрғысынан қайтадан оқытылды.
Екінші тәсіл – біріншіге керісінше жүзеге асырылды. Алдымен атом құрылысы туралы оқу материалы өтіледі. Соның тұрғысынан периодтық заңдылықтар қорытылып шығарылды.
Үшінши тәсіл бойынша периодтық заң мен атом құрылысы бір мезгілде өтіледі. Жаңа бағдарлама бойынша оқыту осы тәсілге негізделген. Периодтық заң және атом құрылысы туралы негізгі мәліменттер 8-класта қарастырылады да 11-кластағы жалпы химия курсында кеңейтіледі.