Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Молярлық және нормальдық ерітінділерді әзірлеу



бет126/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   273
2. Молярлық және нормальдық ерітінділерді әзірлеу.
а) Барий хлоридінің 250 мл 0,1H. (не 0,1 М) ерітіндісін барий хлориді кристаллогидратынан ВаСI2∙2H2O және судан әзірлеу.

Оқытушы көрсеткен ерітіндіні әзірлеу үшін неше грамм барий хлориді кристаллогидраты қажеттігін есептеңіз де, оқытушы тексеріп, дұрыстығына көз жеткізгеннен кейін ВаСI2∙2H2O мөлшерін технохимиялық таразымен өлшеп, 250 миллилитрлік өлшеуіш колбаға құйғыш арқылы салып, алдын ала аз мөлшердегі суда шайқап, әбден ерітіңіз. Тұз кристалдары толық ерігеннен кейін, колбаның мойнындағы белгіге дейін су құйып, аузып тығындап тағы да шайқап араластырыңыз.Әзірленген ерітіндінің тығыздығын анықтап, ерітіндіні көрсетілген ыдысқа құйыңыз.

Қосымшадағы таблицаны пайдаланып, әзірленген ерітіндідегі хлорлы барийдің пайыздық мөлшерін табыңыз. Әзірленген ерітіндінің молярлық және нормальдық концентрацияларын есептеп, әзірленуге тиісті концентрациясымен салыстырып, қателік пайызын есептеңіз.

ә) концентрлі күкірт (не тұз) қышқылынан 250 мл 0,1 М. (не 0,1 Н.) ерітінді әзірлеу үшін қанша салмақ мөлшерде қышқыл қажеттігін есептеп, ол салмақты тығыздығына бөлу арқылы көлемін табыңыз.

Сыйымдылығы 250 миллилитрлік өлшеуіш колбаға аздап су құйып, оның үстіне күкірт (не тұз) қышқылының есептеп табылған көлемін құйыңыз. Ерітіндіні шайқап араластырып, таблицада көрсетілген температураға дейін салқындатыңыз. Колбаға мойнындағы сызығына дейін су құйып, тығындап, мұқият араластырыңыз. Ареометрмен тығыздығын анықтап, ерітіндіні көрсетілген ыдысқа құйыңыз.

Әзірленген ерітіндінің пайыздық, молярлық және нормальдық концентрацияларын есептеңіз. Әзірленуге тиісті және әзірленген ерітіндінің концентрацияларын салыстыру арқылы тәжірибенің орындалу дәлдігін (қателік процентін) анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет