Бейорганикалыќ Ќосылыстардыѕ негізгі кластары


Валенттік байланыстар әдісі



бет53/273
Дата07.01.2022
өлшемі5,37 Mb.
#19830
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   273
Байланысты:
бейорганика лекция

Валенттік байланыстар әдісі
1928 жылы неміс ғалымдары В.Гейтлер және Ф.Лондон валенттік байланыстар (ВБ) әдісін ұсынып, онымен сутек молекуласына кванттық – механикалық есептеулерін жүргізді. Кейінірек бұл әдіс Слейтер, Ван Флек, Л.Полинг еңбектерінде жетіле түсті.

ВБ әдісі келесі ережелерге негізделген:

1. Байланыстарды түзуге тек сыртқы электрон қабатындағы электрондар (валенттік электрондар) қатысады;

2. Химиялық байланыстарға түсуші атомдар өзара электрондарымен алмасады да, бұл электрондар байланыстырушы жұптарды түзеді;

3. Химиялық байланыс Паули қағидасына сәйкес, тек антипараллельді спиндегі электрондар арасында ғана түзіледі; мұндайда атом ядроларының арасында электрондық тығыздық жоғарылаған аймақ пайда болады;

4. Химиялық байланыстың сипаттамалары (энергиясы, ұзындығы, үйектігі және т.б.) атомдық орбитальдардың қайта жабылу типімен анықталады;

5. Молекулалар түзілген кезде электрондық құрылым (сыртқы қабаттан басқасы) және әрбір атомның химиялық өзінділігі сақталынады.

Валенттік байланыс теориясына сәйкес, коваленттік байланыстар әрекеттесуші атомдардың АО максималды қайта жабу жағына бағытталған.

Химиялық байланыстарды түзумен қатар атомның қосып алу және басқа атомдардың белгілі санының орнын басу қабілеттілігін валенттілік деп атайды. ВБ әдісінің алмасымдық механизміне орай ортақ электрондық жұп (коваленттік байланыс) түзуге әрбір атом жұптаспаған бір электроннан береді. ВБ әдісінде алмасымдық механизміндегі валенттіліктің сандық өлшемі ретінде атомның негізгі немесе қоздырылған күйде болатын жұптаспаған электрондар санын есептейді. Бұл сыртқы электрондық қабаттың жұптаспаған электрондары s- және р-элементте, d-элементтердің сыртқы және оның ішкері жағындағы қабатта, сол сияқты ƒ-элементтердің сыртқы үш қабаттарында болады (орналасады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет