Тілдік бағдар Ғылыми стиль Ғылыми стиль - зат не құбылысты ғылыми негізде сипаттап, нақты дәлелдер арқылы білдіретін функционалды стильдің бір түрі. Қызметіне қарай ғылыми стильге нақтылық, логикалық және мазмұн дәлділігі қажет. Ғылыми стильде сөйлемдегі сөздердің қалыпты орны, тіл нормалары қатаң сақталады. Стильдің бұл түрінде көп мағыналы сөздер қолданылмай, сөз бір ғана өзінің лексикалық мағынасында қолданылады. Қандай ғылыми еңбек болмасын, ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдердің пайдаланылуы бірдей болмайды.
Ғылыми стильде жазылған шығармадан қазақ әдеби тілінің деңгейін тануға болады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты ғылыми стильдің сөздік қоры да арту үстінде. Жаңа терминдер алдымен ғылыми стильде көрініс тауып, кейін тіл заңдылықтарына қайшы келмейтіндері етене сіңіп, жалпы халықтық лексикаға айналады. Ғылым тілі лексикасын жалпы қолданыстағы сөздер, жалпы ғылыми сөздер және терминдік қабаттар құрайды. Ғылыми мәтінді құрайтын жалпы қолданыстағы сөздер ауқымы мәтіннің қандай оқушыға, яғни қандай ғылыми ортаға арналғанына қарай өзгеріп, түрленіп отырады. Ғылыми стильдегі мәтіннің мазмұны нақты, беретін дерегі баяндау сипатында емес, дәлелдеу, дәйектеу, пікір білдіру сипатында, айтылған пікірі тұжырымды, дәлелді болады.
Теориялық мәтін бойынша төмендегі кестені толтыр.
Тапсырма Төменде берілген сөздерді орфографиялық нормаға сай көшіріп жазыңыз.
Түп тамырымызға, көзғараспен, көркемдүниелер, бұрын соңды, сән салтанатты жасау жабдықтар, жауын гердің, қазақстанның есік, соңымен бірге. 6-тапсырма 19-бет Термин сөздер мен бейтаныс сөздердің мағынасын «Қазақ тілінің түсіндірме» сөздігінен немесе басқа дереккөздерден, ғаламтордан қарап жазыңдар. Термин сөздердің қай ғылым саласынан жататынын анықтаңдар.