«бекітемін» «келісілді»



бет17/77
Дата06.01.2022
өлшемі1,24 Mb.
#11334
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77
Үстеме жұмыстарға тартуға жұмыскердің жазбаша келісімімен ғана жол беріледі.       Жұмыскердің келісімінсіз мынадай жағдайларда:

      1) елдің қорғанысы үшін, сондай-ақ төтенше жағдайларды, дүлей зілзаланы немесе өндірістік аварияны болдырмау не олардың зардаптарын дереу жою үшін қажетті жұмыстарды жүргізу кезінде;

      2) сумен жабдықтаудың, газбен жабдықтаудың, жылумен жабдықтаудың, энергиямен жабдықтаудың және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуін бұзатын өзге де мән-жайларды жою үшін;

      3) егер жұмыста үзіліс жасауға болмаса, ауыстыратын жұмыскер келмей қалғанда, басқа жұмыскермен ауыстыру шараларын дереу қолдана отырып, жұмысты жалғастыру үшін;

      4) денсаулықтан айырылу немесе өлім қаупі төнген азаматтарға шұғыл және кезек күттірмейтін жәрдем көрсету үшін үстеме жұмыстарға жол беріледі.

      Үстеме жұмысқа мынадай жұмыскерлер:

      1) жұмыс берушіге жүктілігі туралы анықтаманы ұсынған жүкті әйелдер;

      2) он сегіз жасқа толмағандар;

      3) мүгедектер жіберілмейді.

Үстеме жұмыстар әрбір жұмыскер үшін тәулік ішінде – екі сағаттан, ал ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда бір сағаттан аспауға тиіс. Үстеме жұмыстардың жалпы ұзақтығы айына он екі сағаттан және жылына бір жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет