Бидайдыњ біртектілігін аныќтау


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет7/25
Дата21.04.2023
өлшемі0,63 Mb.
#85365
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
file-10345 (6)

Жұмыстың орындалу тәртібі:
Салмағы 50 г, мұздатылған еттің бірдей үш кесегін өлшейді. Бірінші кесек бөлме температурасында ерітуге үш сағатқа қалдырылады.
Екінші кесек бөлме температурасында, бірақ ауаның жылдамдатылған ағысында ерітіледі. Ол үшін вентилятор қолданылады. әр 30 мин сайын еттің ішкі температурасын өлшеу керек. Үшінші кесек ет фарфор табақшаға салынып, өте жоғары жиіліктегі пеште ерітіледі. Еттің температурасын 30 секунд сайын өлшеу керек. Әрбір кесек етті ерітуге дейін және ерітуден кейін өлшеу арқылы еттің салмақ жоғалтуын анықтайды. Еттің органолептикалық көрсеткіштерінің өзгеруіне назар аудару қажет.
Еттің ішкі температурасын еріту біткенде минус 1оС болу керек.
Зерттеу қорытындыларын кестеге кіргізеді.


Бақылау сұрақтары:

  1. Өте жоғары жилікте ерітудің артықшылығы неде ?

  2. Ерітудің әр түрлі тәсілдері кезінде еттің органолептикалық көрсеткіштері қалай өзгереді ?

  3. Еріту тәсілдері мен оның ұзақтылығы арасында қандай тәуелділік бар ?

5 лабораториялық жұмыс.
Сұйық тамақ өнімдерінің өткізгіштік қабілетін және оптикалық тығыздығын анықтау.


Жұмыстың мақсаты: Сұйық тамақ өнімдерінің өткізгіштік қабілетін және оптикалық тығыздығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Фотоэлектроколориметр /ФЭК/ приборы, кюветалар
Зерттелетін ертінділер: Әр түрлі концентрациядағы ет экстрактілері.
Өткізгіштік коэффициентін анықтау үшін фотоқабылдағышқа кезекпен жарық ағындарын жібереді: Толық ағын Fol, зерттелетін ортадан өткен ағын Fl және осы ағындардың қатынасы анықталады.
Ағындардың қатынасы өткізгіштік коэфициенті болып табылады:

ФЭК приброрында бұл қатынас былайша анықталады:
Басында сәуле шоғына тексеру немесе еріткіш ерітіндісі бар кювета қойылады, колориметрдің сезгіштігін өзгерту арқылы, өткізгіштік коэффициентінің шкаласындағы есепті-пI 100-ге тең қылады.
Сонымен, толық сәуле ағыны Fol шартты түрде 100%-ке тең деп алынады. Содан кейін, сәуле шоғына зерттелетін ерітінді бар кювета қойылады. Өткізгіштік коэффициенті шкаласындағы есеп – п2 ортадан өткен сәуле ағымына Fl тең. Яғни, зерттелетін ерітіндінің өткізгіштік коэффициенті процентпен п 2-ге тең: t%=п2.
Оптикалық тығыздық Д мына формула бойынша анықталады:

ФЭК приборы жұмысының спектрлік диапазоны - 315 тен 980 нм. Спектрлік диапазон спектрлік бөліктерге жарық өткізгіштер арқылы бөлінген.
Ертінді құйылған кюветалар арнаулы ұстағышқа қойылады. Кюветаны қойғанда оның жұмыс беттерінен ұстауға болмайды /сұйықтың деңгейінен төмен жерді/.
Кюветаның жұмыс беттерінде кірдің немесе сұйық тамшының болуы өлшеудің дұрыс болмауына әкеліп соғады.
Ертінділерді кюветаның қабырғасындағы белгілерге дейін құю керек. Ұстағышқа қоярда сұйық құйылған кюветаны еңкейтуге болмайды.
Әрбір өлшеуден кейін, сәуле өткізгіштерді ауыстырғанда «сезгіштік » деген қосқыш "1" деген жағдайда , ал «установка-100-Грубо» сол жақ шетке қойылады.
Приборды жұмысқа дайындау.

  1. Өлшеуге дейін 15 мин қалғанда колориметрді тоққа қосады. Кювета бөлімі ашық болуға тиіс.

  2. Өлшеу түріне сәйкес түрлі сәуле өткізгішті қосу.

  3. "Чувствительность"- қосқышын " І "- ге , "Установка-100-грубо"-сол жақ шетке қояды.

Өткізгіштік коэффициентін өлшеу.
Сәуле шоғына тексеру ертіндісі бар кювета қойылады.
Кювета бөлімінің қақпағы жабылады.
"Чувствительность", "Установка-грубо" қосқыштары арқылы шкалада 100 көрсеткіші қойылады.
Тексеру ертіндісі бар кюветаны зерттелетін ертіндісі бар кюветамен ауыстырады.
Колориметрдің шкаласы бойынша өткізгіштік коэффициентін анықтайды, /2/ формула бойынша оптикалық тығыздығын Д есептейді.
Өлшеуді 3-5 рет қайталап, өлшенген шаманың соңғы мәнін алынған өлшемдердің арифметикалық ортасын табу арқылы анықтайды.
Өлшеу қортындылары бойынша t мен Д шамаларының еттің салмағына тәуелділігінің графигін тұрғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет