Жұмыстың орындалу тәртібі: Бірінші бюреткада- дистилденген су, екіншіде - зерттелетін сұйық
Капилляр арқылы судың және зерттелетін сұйықтың бірдей көлемін өткізеді.Сонда екі түрлі тамшы саны n және nx пайда болады.
А ры қарай (5) формула бойынша зерттелетін сұйықтың беттік керілу коэффииентін анықтайды.
1- сурет
Бақылау сұрақтары: Тамшы үзу тәсілінің негізі неде ?
Беттік керілу коэффициенті қандай факторларға тәуелді ?
№ 8 лабораториялық жұмыс Сұйық тамақ өнімдерінің тұтқырлығының температураға тәуелділігі.
Жұмыстың мақсаты: Сұйық тамақ өнімдерінің тұтқырлығын анықтау.
Құрал-жабдықтар: Капиллярлық шыны вискозиметр-ВПЖ-4, химиялық стақандар.
Негізгі ұғымдар. Сұйықтардың түтіктегі қозғалысы кезінде ол түтікшенің қабырғаларымен сыртқы үйкеліске, сұйықтың өз ішіндегі қабаттардың ішкі үйкелісіне ұшырайды.
Ішкі үйкеліс сұйықтардың ағымдылығын, майлау қабілетін, жайылмалылығын, яғни жанама күштерде қарсылығын сипаттайтын, тұтқырлықтың өлшемі болып табылады. Тұтқырлық температураға байланысты, температура жоғарылағанда төмендейді. Тұтқырлықтық өлшемі - кг/м.с немесе Па×С.
Техникалық жұмыста кинематикалық тұтқырлық деген термин жиі кездеседі. Кинематикалық- тұтқырлықтың коэффициенті / / абсалюттік тұтқырлықтың h сол температурадағы сұйықтың тығыздығына қатынасына тең:
,м2/с (І)
Кинематикалық-тұтқырлықтың өлшемі- м2/с (1/100 стокс-сантистокс).
Сұйық денелердің тұтқырлығын көбінесе капиллярлық және шарикті вискозиметрлермен өлшейді.
Оствальд пен Уббелоденің капиллярлық вискозиметрлері бір жағына капилляр дәнекерленген U- тәріздес түтікше түрінде жасалған. Капиллярлық вискозимтерде тұтқырлықты өлшеу сұйықтың белгілі көлемінің капилляр арқылы ағып өту мерзімін анықтауға негізделген
Тұтқырлықты өлшеудің медицинада үлкен маңызы бар, өйткені қанның тұтқырлығы әйелдер мен еркектерде әртүрлі, әрі жасқа, тамақ түрне және ауру түрлеріне байланысты өзгеріп отырады.
Тұтқырлық- белоктық заттардың маңызды сипаттамасы, температура жоғарлағанда қатты өзгереді. Ол заттардың табиғаты мен құрылымына, дисперсиялық фазаның концентрациясына байланысты.
Сойылатын малдың қанының тұтқырлығы негізінен қанның құрамындағы формалық элементтердің мөлшеріне, аз дәрежеде-плазмадағы белок мөлшеріне байланысты. Малдың қоңдылығы артқанда, қанның сары суының тұтқырлығы өседі.
Әртүрлі сойылатын малдың қанының сары суының тұтқырлығы 200С- та мынаған тең: ірі қара мал-0,137 Па×с; шошқа-0,155 Па×с; жылқы-0,151Па×с.
Жұмыртқа сарысының тұтқырлығы 250С-та 0,8Па×с. Температура төмендегенде ол тез жоғарылап, 00-та 20Па×с-ға жетеді, жұмыртқа ағының тұтқырлығы 00С-та 2,5 Па×c.
Тұтқырлықты капиллярлы вискозиметрде өлшеу.
Капиллярлық шыны вискозиметр-ВПЖ-4 І және ІІ бұтақтары бар U-тәріздес трубка түрінде жасалған (2-ші сурет). (І) бұтаққа капилляр (3) дәнекерленген.
(4) - (5) екі ұлғайту, (3) әкететін түтікше бар. Сұйықтың ағып өту мерзімін М1 және М2 белгілеріне қарап анықтайды. Капиллярдың диаметрі-0,49 мм.