Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет109/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Көрсеткіштері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған пробирка штаттивімен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетіндегі шпатель, пробиркаларды тасымалдауға арналған бикс, пробиркаларды белгілеу үшін стеклограф, жолдама бланкасы, қолғап, бет перде, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

  2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

  3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет перде мен қолғапты киіңіз.

  5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз

  6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

  7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

  8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

  9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

  10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

  11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

  12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

  13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ бадамшасы, тілшік, сол жақ бадамшасы, сол жақ таңдай доғасы, жұтқыншақтың артқы бетінен шырыштыны алыңыз.

  14. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

  15. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

  17. Қолғапты, бет пердені шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.

  18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

  19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.



Ескерту:

  • жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

  • бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

  • егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет