Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы


Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау



бет107/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

115. Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау


Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.
Көрсеткіштері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған құрғақ түкіргіш немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды контейнер, бикс, 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі температурасы 370С қайнатылған (суытылған) суымен, салфеткалар, жолдама бланкасы, қаламсап, стеклограф, қолғап, бет перде, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

  2. Түкіргішті немесе контейнерді нөмірлеңіз.

  3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

  4. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

  5. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

  6. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, бет перде, қолғапты киіңіз.

  7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

  8. Науқастан сұраңыз:

  • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

  • ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

  • тік тұруын немесе тік отыруын;

  • түкіргіштің қақпағын ашуды;

  • аузын салфеткамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

  • науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

  1. Түкіргішті немесе контейнерды қақпақпен жабыңыз.

  2. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған ветошпен сүртіңіз.

  3. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

  4. Бет перде мен қолғапты шешіп ҚЖКЖК-ға салыңыз.

  5. Қолды жуып, кептіріңіз

  6. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.



Ескерту:

  • қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

  • антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет