146. Науқасты дайындау және асказанға фракциялық әдіспен жіңішке сүңгімен сүнгілеуді жүргізу
Мақсаты: диагностикалық: асқазанның ішіндегісін алу, асқазанның секреторлы, қышқылды бөлу және қозғалыс қызметтерін зерттеу.
Көрсеткіштері:қышқылы жоғары созылмалы гастритте немесе қышқыл бөлу төмендеуінде асқазанның қызметін анықтау.
Қарсы көрсеткіштері: өңештен және асқазаннан қан кету, эзофагит, асқазан ойық жарасының өршу қезеңі, порталды гипертензия, стенокардия, бронхиальді астма, гипертония, жүктіліктің 2 жартысы, науқастың халі ауыр жағдайы.
Асқынулар:асказаннан қан кету, талып қалу, коллапс және т.б.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған бір рет қолданылатын жіңішке асқазан сүнгісі, лоток, асказан сөлі үлестерін бөлек-бөлек сақтауға арналған 9-11 дана ыдыс (белгіленген банка немесе пробиркалар), 20 мл шприц, қысқыш, сүлгі, қолғап, клеенкалы алжапқыш, салфеткалар,энтералды- орамжапрак қайнатпасы, парентеральды сынаптық ас – 0,1% гистамин ерітіндісі немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі, зертханаға жолдама жазыңыз (оған науқастың аты жөні, бөлімшесі, палатасы, зертеу күні, үлестердің нөмері көрсетіледі), ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеуді таңғы уақытта аш қарынға жүргізіңіз.
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты жоғары арқасы бар орындыққа ынғайлы және дұрыс отырғызыңыз, оны орындықтың арқасына тығыз сүйенуін ұсыныңыз. Басын сәл алдына карай еңкейтіңіз.
Науқастың кеудесін, ішін және аяғын клеенкалы алжапқышпен жабыңыз, ал мойынына және кеуде үстіне сүлгіні жабыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғап, алжапқышты киіңіз.
Ағып жатқан сілекейді және шырышты жинау үшін науқастың қолына лотокты беріңіз.
Емшара алдында науқас алмалы-салмалы протезді алғанын қадағалаңыз.
Сүнгінің жұтатын ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейінгі аралық – бірінші белгі және науқастың бір алақан аралығын қосыңыз – екінші белгі).
Залалсыздандырылған сүнгіні пакеттен (пинцетпен) алып, сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз.
Залалсыздандырылған сүнгіні оң қолыңызбен саңылаулы ұшынан 10-15 см аралықтан жазатын қаламұштай етіп алыңыз, ал сол қолмен бос ұшынан ұстаңыз.
Науқасты ауызын ашуын сұраңыз, суландырылған сүнгінің саңылаулы ұшын тілдің түбіріне салып сосын терең жұтқыншаққа қарай енгізіңіз.
Науқастың мұрын арқылы терең дем алуын жұтыну қозғалысын жасап, сүнгіні өңешке және асқазанға қарай қажетті белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе онда тез арада сүнгіні шығарып алыңыз!).
Наукасқа ескертіңіз, сүнгіні тісімен қысуға болмайды және сілекейін жұтпай сүлгіге түкіріп тастауы керек.
Сүнгінің бос ұшына шприцті қосыңыз.
Ашқарындағы асқазан сөлін алыңыз (№ 1 үлес – «ашқарындағы» сөлдену).
Бір сағат бойы әрбір 15 минут сайын ыдысты ауыстыра отырып асқазан сөлін алыңыз (№ 2, № 3, № 4, № 5 үлестік – «өзекті» сөлдену).
Асқазан сөлін бөлетін парентеральды тітіргендіргішті енгізіңіз: 0,1% , 0,01 мг гистамин ерітіндісін тері астына немесе 0,25% пентагастрин ерітіндісі 1 кг дене салмағы есебіне 6 мкг.