Ескерту: едәуір мөлшерде қан көрінсе онда зерттеуді токтату қажет.
147. Науқасты дайындау және ұлтабарға сүнгілеуді жүргізу
Мақсаты:диагностикалық: 12-елі ішек пен өт қабынан өттін сөлін зертханалық зерттеуге алу, өт қабының концентрациялық қызметінің сақталуы мен қысқару қызметін зерттеу және сфинктерлік қызметін бағалау;
емдік– өт қабының моторлы қызметі томендегенде (өт қабының қабынуы әлсіздігінде, холестатикалық гепатитінде), дәрі-дәрмектерді енгізу.
Көрсеткіштері: өт қалтасының, бауыр, өт шығару жолдарының аурулары.
Қарсы көрсеткіштері: ауыз қуысының, жұтқыншақтың, өңештің күйігі және аурулары, өңеш тамырының кеңеюі, порталды гипертензия, қатерлі ісіктің қаңсырауы,
асқазан және 12-елі ішек ойық жарасы, өкпе – жүрек жетіспеушілігінде, жедел холецистит және панкреатит, бронхиалды астма және т.б.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: ұлтабар сүңгісі, Жане шприці, 20 мл шприц, лоток, штатив белгіленген пробиркаларымен, қысқыш, сүлгі, салфеткалар, қолғап, жылытқыш, жұмсақ көпшік, аласа орындық, өт қабының қоздырғыштарын – 33% магний сульфат ерітіндісі 30-50 мл немесе 10% натрий хлорид ерітіндісі немесе 40% глюкоза
ерітіндісі 40-50 мл немесе өсімдік майы 20-25 мл 40-600С жылытылған, 8-10 тамшы 0,1% атропин ерітіндісі, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіңіз.
Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз және оған емшара реттілігі туралы түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Зерттеу алдында 18 сағаттан кешіктірмей кеште науқасқа жеңіл тамақ беріңіз.
Науқасқа ұйыктар алдында 2 таблетка спазмолитиктер немесе балы бар шайды беріңіз, оң жак қабырға асты аймағына жылытқышты қойыңыз.
Емшара алдында науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде болса).
Науқасты орындыққа дұрыс және ынғайлы, яғни арқасы орындықтын арқасына тығыз болуын, науқастын басын сәл алдына қарай енкейтіп отырғызыңыз.
Науқастың кеудесіне сүлгіні жабыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.
Залалсыздандырылған ұлтабар сүңгісін шамшуырмен (пинцетпен) алып, сүңгі оливасының орнықтылау сапасын тексеріңіз (тұрақты).
Науқас жұтатын сүңгінің ара қашықтығын өлшеңіз (төменгі күрек тістен кіндікке дейін – бірінші белгі және науқастың ашылған бір алақанындай арақашықтықты қосыңыз – екінші белгі).
Оң қолға сүңгіні олива жағынан 10-15 см қашықтықта қалам ұштай алып ұстаңыз, ал сол қолмен оның бос шетін ұстаңыз.
Науқастан аузын ашуын сұрап, ылғалдатылған оливаны тілдің түбіріне салып, науқасты мұрынмен терең дем алуын сұраңыз, жұту қозғалысын бір мезгілде жасап сүңгіні бірінші белгіге дейін енгізіңіз (егерде науқас жөтелсе, онда жылдам сүңгіні шығарып алыңыз). Сүңгінің бос шетін кысқышпен қысыңыз.
Асқазан ішіндегі сұйықтықты шприцпен сорып алу арқылы, асқазандағы сүңгінің қалпын тексеріңіз.
Науқас 10-20 минут бойы бөлмеде ақырын асықпай жүріп, сүңгіні екінші белгіге дейін ақырындап жұтуын сұраңыз.
Науқастың басына жастық қоймай оң жақ қырына жатқызып оң қолын арқасына қойып, оған тізесінен аяғын бүгуін сұраңыз, жамбастың астына жұмсақ жастықты
салыңыз, осындай жату калпында оливаның асқазан қақпашығынан өтуін жеңілдетеді, оң жақ қабырға астына жылы жылытқышты салыңыз.
Науқастың бас жағында кушетканың қасындағы аласа орындыққа штативті пробиркалар қойыңыз.
Қысқышты босатып, сүнгінің бос шетін пробиркаға салыңыз.
Асқазаннан сөл бөлінеді (асқазан ішіндегі лайлы ашық қышқылды қосындысы бар сөл), сосын 30-60 минуттан кейін пробиркаға ашық-сары сұйықтық, сілтілі қосындысы жиналады (ұлтабардағы өт «А» үлесі). Сүңгінің ұшына қысқышты салыңыз.
Науқасты арқасына жатқызып, қысқышты алыңыз және Жане шприцімен 30-50 мл жылы магний сульфат ерітіндісін (немесе басқа да өт қабығының қоздырғыштары) сүңгі арқылы енгізіп, сүңгінің бос шетін 10-15 минутқа қысып қойыңыз.
Науқасты оң жақ қырына жатқызып, қысқышты босатып алып, сүңгінің бос шетін пробиркаға салыңыз, бұған қою, қоңыр – зәйтүн түсті сұйықтық өт қабығынан түседі (өт қабығындағы өт «В» үлесі).
Келесі пробиркаларға сүңгіні салыңыз, мөлдір алтын-сары түсті сұйықтық пайда болғанда (бауыр өті «С» үлесі) алынады. Сүңгі арқылы 300 мл жылы газсыз минеральды суды енгізіңіз.