Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет139/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Ескерту:

  • емшара барысында шығарылған сілекейді салфеткаға түкіру қажет;

  • зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын, іш кептіретін тағамдарды алып тастау ұсынылады (қырыққабат, картоп, сүт, майлы және қуырылған тағамдар);

  • асқазандағы сүңгінің қалпын шприцпен сорып алу арқылы тексереді. Шприцке лайланған сұйықтық қышқыл қосынды түседі. Егерде шприцке сұйықтық түспесе,

  • онда сүнгінің асқазанда оралып қалғаның айтады. Сүңгіні аз ғана тартыңқырап және оны науқасқа қайта жұтынуын ұсыңыңыз;

  • асқазандағы сүнгі оливасының қалпын шприц арқылы ауаны сүнгіге еңгізіп тексереді және сүнгі оливасы асқазанда болса, онда науқас ауаның түсуін сезінеді, ерекше «құрылдаған» дыбыс естіледі;

  • бактериологиялық зерттеуге өт, залалсыздандырылған үш пробиркаға АВС үлестерімен алынады;

  • егерде ұлтабарды сүңгілеу лямблия құртын табу мақсатында жүргізілсе, онда түнде жылтқыш қойылмайды;

  • зертханаға үлестер жылы күйінде апарылады, ол үшін стакандағы жылы суға пробирканы салып қояды.



148. ҚҰСҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШҚЫ КӨМЕК


Мақсаты: емдік: жедел көмек көрсету, тыныс жолдарына құсық түспеудің алдын алу
Құрал-жабдықтар: сүлгі, лоток, шылапшын, электросорғыш, алмұрт тәрізді баллон, клеенка, шпатель, қайнатылған су, салфеткалар, стакан, қақпағы бар таза, құрғақ банка, қолғап, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:


Ес-түсі бар науқас (отыру қалпындағы)

  1. Жедел дәрігерге хабарлаңыз.

  2. Науқасты ыңғайлы орындыққа отырғызып, кеудесін клеенкамен жабыңыз. Науқасқа сүлгіні беріңіз. Оның аяғына шылапшынды қойыңыз.

  3. Науқастан алмалы-салмалы протезді тістерін шешуін сұраңыз (егерде олар болса).

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, тері антисептигімен қолыңызды өңдеп, қолғапты киіңіз.

  5. Құсқан уақытта, өзіңіздің алақаныңызды науқастың маңдайына қойып басын жылжытпай ұстаңыз.

  6. Әрбір құсқаннан кейін науқастың ауызын таза сумен шайғызып, бетін және аузын салфеткамен сүртіңіз.

  7. Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.

  8. Дәрігер келгенше құсықты қарап, қалдырыңыз (қанды құсық пайда болғанда).

  9. Белгісіз умен уланғанда құсықты таза құрғақ банкіге жинап, оның қақпағын тығыз жабыңыз.

  10. Дәрігердің тағайындауы бойынша оны зертханалық зерттеуге жіберіңіз.

  11. Қолғапты шешіңіз. Салфетканы, қолғапты ҚЖКЖК – ға салыңыз.

  12. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет