Науқастың аяқтарын шылапшынның ішіндегі жеке бас жөке және сабын көмегімен жуыңыз, оларды таза сумен шайыңыз.
Сүлгімен аяқтарын құрғатыңыз.
Тырнақтарын алып тастаңыз.
Егер терісі былжыраған немесе жарылған болса, кез-келген аяққа арналған жұмсартқыш сықпа маймен (креммен) өкшелерін майлаңыз.
Жөке мен қайшыны зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.
Науқасты көрпесімен жауып қойыңыз.
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Қолдағы тырнақты қиып алу
Мақсаты: қолдағы тырнақты алу.
Көрсеткіштері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Құрал-жабдықтар: ішінде жылы суы бар ыдыс, сабын (сұйық), резеңке қолғаптар, қолға арналған крем, қайшы, егеуіш, лоток, сүлгі, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа алда тұрған емшараның қажеттілігі мен барысын түсіндіріңіз.
Азғана сұйық сабын қосқан жылы суы бар ыдысты науқастың алдына қойыңыз.
Науқастың қолынын саусақтарын 5 минутқа жылы сабынды суы бар ыдысқа салыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқастың қолын сабынмен жуыңыз.
Судан V саусақты шығарып алып, оны сүртіңіз және тырнақты тегіс сыртқы периметрі бойынша теріден 1-2 мм (0,5 см) қалдырып тиянақты алыңыз.
Судан кезекпен саусақтарды шығарып, оларды сүлгімен сүртіп, тырнақты тиянақты алыңыз. Ал суда бір саусақ қалғанда, екінші қолдың саусақтарын салыңыз. Екінші қолдың саусақтарымен емшараны жүргізіңіз.