бет 34/146 Дата 27.06.2023 өлшемі 3,09 Mb. #103563
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2 Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.
Үлкен салфетканы ыстық суға салып (400 -500 С) ылғалдатып, сығып оны науқастың бетіне 1 минутқа қойыңыз , сосын оны алыңыз.
Науқастың бет терісіне қырынуға арналған сықпаны арнайы жаққыш көмегімен жағыңыз.
Терісін тартыңқырап ұстараның бағытынан кері бағытқа жылжытып, науқасты қырындырыңыз.
Науқастың бетін ылғалды салфеткамен сүртіңіз, сосын құп-құрғақ қылып құрғатыңыз.
Қырындырған заттарды зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз , қолғапты және салфеткаларды ҚЖКЖК - ға салыңыз.
Қолыңызды жуып , кептіріңіз.
ҚОЛТЫҚ ОЙЫҒЫНДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Мақсаты: қолтық асты ойығындағы шашты қыру , жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсеткіштері: операциялар жасар алдында.
Құрал-жабдықтар: жаққыш,сұйық сабын, қыруға арналған станок, жеке ұстара , қолғап, сүрткілер, су, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқастан қолдарын алма-кезекпен көтеруін өтініңіз.
Жаққыштың көмегімен сұйық сабынды қолтық асты ойығына жағыңыз.
Қолтық асты ойығындағы шашты қыруға арналған станоктың көмегімен абайлап, шаштын өсу бағытына қарай қырыңыз.
Қолтық асты ойығы аймағындағы теріні жылы сумен жуыңыз.
Теріні сүлгімен құп-құрғақ қылып сүртіңіз.
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
ҚАСАҒАДАҒЫ ШАШТЫ ҚЫРУ
Достарыңызбен бөлісу: