Науқасты ылғалды сүрту
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, тері тазалығын ұстау.
Көрсеткіштері: науқастың ауыр халі, қатаң төсек тәртіб кезінде.
Құрал-жабдықтар: клеенка, жаялық, лоток, шылапшын, t-35-370С жылы су, сүлгі немесе салфетка, ауыстыратын іш киімдер және төсек-орын тыстары, қолғаптар, шүберектен тігілген биялай, лас төсек-орын тыстарына арналған қап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Гигиналық деңгейде қол деконтоминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқастың астына клеенканы төсеңіз.
Шылапшынға жылы су құйыңыз.
Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін жалаңаштаңыз.
Салфетканы , сүлгінің жарты бөлігін немесе шүберек биялайды жылы сумен ылғалдаңыз, артық суды жеңіл ғана сығыңыз.
Науқастың терісін келесі ізбе-ізділікпен сүртіңіз: бетін, иегін, құлақтарының артын, мойнын, қолдарын, кеудесін, сүт бездерінің асты іркістерін және қолтық асты ойықтарын.
Науқастың денесін сүлгінің құрғақ жағымен осындай ізбе-ізділікпен құрғатып сүртіп, ақжаймамен жабыңыз.
Тура осындай ізбе-ізділікпен арқасын, ішін, сандарын, аяқтарын сүртіңіз.
Қолдың тырнақтарын алыңыз.
Іш киім-кешектерін және төсек ақжаймаларын ауыстырыңыз (қажет болған жағдайда).
Қолғапты шешіп ҚЖКЖК - ға салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Халі ауыр науқастың аяғын төсегінде жуу
Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.
Көрсеткіштері: науқастың халі ауыр жағдайы.
Құрал-жабдықтар: клеенка, ішінде жылы суы бар шылапшын, сабын, жөке, сүлгі, қайшы, қолғап, ҚЖКЖК.
Достарыңызбен бөлісу: |