Мақсаты: науқастың физиологиялық бөліністерін шығаруын қамтамасыз ету.
Көрсеткіштері: қатаң төсек және төсек тәртібінде жатқан науқастарға ішегін және қуығын босату кезінде қолданылады.
Құрал-жабдықтар: зарарсыздандырылған дәрет сауыты (судноны), клеенка, жаялық, қолғап, керме, су, әжетхана қағазы, ішінде зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Дәрет сауытын жылы сумен шайып, оның ішінде аздап су қалдырыңыз.
Науқасты айналасындағы адамдардан кермемен оңашалаңыз, беліне дейін көрпесін алып немесе қайырып тастаңыз, жамбастың астына клеенканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Науқасқа аздап бір жақ қырына бұрылуына көмектесіңіз, аяқтарын аздап тізесінен бүгіңіз және сандарын екі жаққа алшақтатыңыз.
Сол қолды бір бүйірден сегіз көздің астына қойып, науқасқа жамбасын көтеруге көмектесіңіз.
Оң қолмен дәрет ыдысын науқастың бөксесінің астына қарай жақындатып, оны арқасына қарай бұрып, оның бұтаралығы дәрет сауыты тесігінің тура үстінде болуы қажет, сол кезде жаялықты беліне қарай жылжытыңыз.
Науқасты көрпесімен немесе ақжаймасымен жауып, оны жалғыз қалдырыңыз.
Науқас дәретке шығып болғаннан соң, науқасты аздап қана бір қырына бұрыңыз, дәрет сауытын оң қолмен ұстап тұрып, оны науқастың астынан шығарып алыңыз.