Мақсаты: жыныс мүшелері аймағының тазалығын сақтау, науқастың жеке бас тазалығын сақтау, зәр шығару жолдарының төменнен жоғары көтерілетін жұқпалы ауруларының алдын алу.
Көрсеткіштері:науқастың халі ауыр жағдайында.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: лоток, корнцанг, пинцет,салфеткалар,қолғап, клеенка, жаялық, сабын, судно, ішінде суы бар құмыра (судың t-37-380С) немесе Эсмарх крушкасы,керме, ҚЖКЖК .
Іс-әрекет алгоритмі:
Науқаспен сенімділік қарым-қатынас орнатып; процедура мақсаты мен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз,егер процедура барысы паллатада өтетін болса кермені(ширма) қойыңыз
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Жыныс мүшесінің үстіне салфетканы қойып 3,4- ші саусақтарыңызбен ұстап, ал 1,2- ші саусақтарыңызбен оның күпегін жыныс мүшесінің басынан жылжытыңыз.Жыныс мүшесінің басын айналмалы қозғалыстармен сағат тілінің бағытында салфетканы фурацилин ерітіндісіне малып жуыңыз.
Жыныс мүшесінің күпегін табиғи қалпына қайтарыңыз.
Судноны, клеенканы, жаялықты кезекті зарарсыздандыру үшін жинаңыз.Қолданылған салфеткаларды және қолғапты ҚЖКЖК- ға салыңыз.