Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет39/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Көзді күту



Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, ауруларының алдын-алу, халі ауыр науқас көзіне таңертеңгі тазалықты жүргізу, дәрілік ерітіндіні тамызу.
Көрсеткіштері: науқастың жеке бас тазалығын сақтау, халі ауыр жағдайдағы көзінде шығындылардың (бөліністердің) болуы, емдік затты тамызу.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: дәке тампондар, лоток, пинцет (іскекті), ундинка, көз стакандары, 1:2000 фурациллин ерітіндісі, вазелин майы, мензуркалар, физиологиялық ерітінді, тамызғыштар, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдыс, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

  2. Көздерін қарап, олардың жағдайын бағалаңыз.

  3. Науқасқа Фаулер қалпын беріңіз.

  4. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  5. Бір мензуркаға залалсыздандырылған вазелин майын, екіншісіне фурацилин ерітіндісін құйыңыз.

  6. Дәке тампонын пинцеттің көмегімен вазелин майына ылғалдатып, оны мензурканың қабырғасына, аздап қана сығып қысыңыз.

  7. Оң қолға тампонды ұстап, көздің бір қабағын сыртқы бұрышынан, ішкі бұрышына қарай бағытпен сүртіңіз (іріңді қабыршақтың қабатын жұмсаруын қамтамасыз етеді).

  8. Дәке тампонын фурацилин ерітіндісіне ылғалдатып, осы бағытпен сүртуді қайталаңыз.

  9. Іріңді қабыршақтар толық кеткенше сүртуді 4-5 рет тампондарды ауыстыра отырып қайталаңыз.

  10. Көз бұрыштарында іріңді бөлінулер болған кезде:

сол қолдың бас бармағы және сұқ саусағымен қабақтарын екі жаққа айырып ашып, көздің дәнекер қабығы қуысын физиологиялық ерітіндімен жуып шығыңыз, ал оң қолмен көздің дәнекер қабығының қабына тамызғыштың немесе ундинканың көмегімен шайып шығыңыз, сосын құрғақ тампонмен қабақты осы бағытта сүртіңіз.

  1. Екінші көзді де осындай әдіспен тазалаңыз.

  2. Қолданылған қолғапты, тампондарды ҚЖКЖК- ға салыңыз. Пинцетті (іскекті), мензуркаларды, тамызғыштарды немесе ундинканы ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  3. Қолыңызды жуып ,кептіріңіз.



Ескерту: көзді тазалаған кезде бір тампонмен екі көзді сүртуге болмайды. Бір көзден екінші көзге инфекция жұғуы мүмкін.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет