Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет56/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Қарсы көрсеткіштері : тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер.
Қоятын орындары: желке аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, жүрек аймағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аймағы
Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы.
Құрал-жабдықтар: қыша қағаздары, жылы суы бар (t-40-450С) лоток, сүлгі, көрпе, салфетка, жылы жаялық, ҚЖКЖК.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз.

  3. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс).

  4. Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз.

  5. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз).

  6. Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз.

  7. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс).

  8. Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз.

  9. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз.

  10. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз.

  11. Қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.



Ескерту:

  • қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды;

  • қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды;

  • емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет