Білім алушыларға арналған тәжірибелік дағды және білік кәсіби алгоритм жиынтығы



бет53/146
Дата27.06.2023
өлшемі3,09 Mb.
#103563
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   146
Байланысты:
аллгоритмы на каз. яз2

Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

  2. Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.

  3. Ұзындығы 15-16 см кем емес кішкене жабысқыш пластырьді даярлаңыз, түтікті терінің үстінен ораңыз және науқастың терісіне пластырьдің шетін желімдеңіз.

  4. Тесіктің айналасындағы теріні 0,5 % калий перманганат ерітіндісімен суландырған мақта салфеткалармен тазартыңыз, құрғақ шарикпен мұқият кептіріңіз.

  5. Қалың қабатты жылытылған Лассар пастасын шпательмен тесіктің айналасындағы теріге жағыңыз.

  6. Пастаның үстінен «кішкене ыштан» түрі бойынша кесілген залалсыздандырылған салфеткаларды салыңыз (1-салфетканын кесілген жағы төмен, 2-кесілген жағы жоғары, 3-сол жағы, 4-оң жағы).

  7. Залалсыздандырылған салфетканың үстінен ортасында тесігі бар үлкен салфетканы салыңыз (түтікті шығару үшін).

  8. Үлкен салфетканың тесігі арқылы шығарылған резеңке түтікті жолақ бинтпен тығыз бел айналасына, белбеу сияқты екі түйінге байлаңыз. Осы белбеуді екінші жолақ бинтпен бекітіңіз.

  9. Пайдаланған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

  10. Қолғапты шешіңіз, қолғапты, таңғыш материалды ҚЖКЖК - ға салыңыз.Тануды жасап болған соң түтіктің өткізгіштігіне және асқазанға баратынына көзіңізді жеткізуіңіз қажет, ол үшін Жане шприцімен немесе құйғыш арқылы түтікке аз мөлшерде

залалсыздандырылған ерітінді құйылады. Егерде түтіктен өтпесе немесе резеңке түтік тесіктен түсетін болса, онда дәрігерге хабарлауыңыз қажет.
VІІ. Қарапайым физиотерапиялық әдістер. Сүлікпен емдеу. Оттегімен емдеу
57.Жылытқышты қолдану


Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері.
Көрсеткіштері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет