Максаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Көрсеткіштері : дәрігердің тағайындауы.
Құрал-жабдықтар: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, дәрілік ерітіндісі бар ампула, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, лоток, 70% спирт, егеуіш, бет перде, қолғап, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні алып, дәрігердің ем тағайындаған парағындағы жазбамен салыстырыңыз.
Дәрілік препараттын атын, оның қоюлығын және дозасын көңіл қойып оқыңыз, ерітіндінің сақталу мерзімін және мөлдірлігін сыртқы түрі бойынша тексеріңіз.
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп,тері антисептигімен қолынызды өңдеп, қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын шприцті ораудан құрастырыңыз (стандартты қараңыз).
Сол қолға ампуланы алыңыз, оны сәл сілкіңіз, ампуланың мойнындағы дәрілік ерітіндіні кең бөлігіне түсіріңіз.
Ампуланың мойнын спирттелген мақта шаригімен жоғарыдан төмен қарай өңдеңіз. Қолданылған мақта шариктерін ҚЖКЖК.
Ампуланың тар жіңішке бөлігін егеуішпен 2-3 рет кесіңіз.
Мақта шаригін алып, ампуланың мойнын онымен орап алып, кескен жерді сүртіп, ампуланы ашыңыз, оны жылдам қозғалыспен өзіңізден сындырыңыз. Ампуланың сынығын және пайдаланған мақта шариктерін ҚЖКЖК.
Сол қолдың II және III саусақтары арасына ашылған ампуланы алыңыз.
Оң қолға құрастырылған шприцті алыңыз. II саусақпен-иненің канюласын, I, III, IV – цилиндрді, V – поршенді ұстаңыз.
Инені абайлап ампулаға 0,5 мм ұзындыққа оның шетіне тигізбей енгізіңіз, сол қолдың IV саусағы канюляда, ал I және V саусақтарғы цилиндрде. Оң қолмен поршенді төмен
қарай тартып, шприцке қажет мөлшердегі ерітіндіні сорып алыңыз, кадағалаңыз, ине үнемі ерітіндіде батырулы болуы керек.
Шамамен сұйықтың азаюы бойынша ампуланың түбін жоғары көтеріп дәрілік ерітіндіні ақырын сорып алыңыз.
Ерітіндіні сорып алған соң инені ауыстырып, иньекцияға арналған инені кигізіңіз. Бір рет қолданылатын инемен жұмыс істегенде, ораудағы басқа залалсыздандырылған инені пайдалаңыз.
Шприцті қатаң тік қалыпта, көз деңгейінде, инесін жоғары қаратып ұстап, ауасын шығарыңыз. Шприцтен 1-2 тамшы ерітінді бөлінеді (V саусақ – поршенде, ІІ – иненің канюлясында, I, III, IV саусақтар – цилиндрде).
Оң колдың үлкен саусағымен поршенді басыңыз, II және III саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып ұстаңыз, ауаны және аз дәріні ығыстырып шығарыңыз. Шприцте ауа жоқтығын тексеріп. Қорғаныш қалпағын инеден алмаймыз.
Шприцті дәрлік ерітіндісімен ораудың ішкі бетіне салыңыз.