Мақсаты: дәрілік ерітіндіні парентеральды жолмен енгізу.
Көрсеткіштері: дәрігердің тағайындауы бойынша.
Құрал-жабдықтар:залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын шприц, мақта шариктері, қолғап, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцет, флакондағы дәрілік ерітінді, еріткіш, 70 спирт, лоток, қолғап, бет перде, ҚЖКЖК.
Іс-әрекет алгоритмі:
Гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіп, қолғапты киіңіз.
Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).
Флакондағы дәрілік затты алып, атын, дозасын, сақталу мерзімін оқыңыз және сыртқы көрінісін анықтаңыз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз.
Зарасыздандыру ертіндісіндегі пинцетті алып, флаконның алюминий (күміс тәрізді) қақпағының ортанғы бөлігін ашыңыз.
Спирттелген мақта шаригімен флаконның резеңке тығынын сүртіңіз. Спиртті кептіріңіз.
Флаконнын түбін жоғары қаратып көтеріңіз. Сол қолдың II және III саусақтары арасына флаконды, IV саусақ – канюляда, I және V саусақтары шприцтің цилиндірінде ұстаңыз. Дәрілік ертіндіні қажет мөлшерде сорып алыңыз.
Шприцті сорып алған дәрі ертіндісімен флакон инесінен алып тастаңыз, инъекцияға арналған инені шприцке кигізіп, оны бекітіңіз.
ауаны шығарып, шприцтің инесінен қорғаныш қақпағын алмай 1-2 тамшы ерітінді ине арқылы бөлінуі қажет.
Дайындалған шприцті және спирттелген мақта шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.