Білім беру бағдарламасы: 6В01303 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»



бет2/5
Дата21.04.2023
өлшемі103,26 Kb.
#85126
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5
1.- Шахада
Құранның негізгі мазмұнында көтерілген басты тақырыптардың бірі – таухид ілімі, яғни, Алланың бірлігін дәріптейтін аяттар. Осындай таухидті адамзатқа жеткізу Алла тарапынан барлық елшілер мен пайғамбарларға жүктелген міндет болып табылады. Сол секілді Құранда Ибраһим (а.с.) пайғамбар айтылғанда міндетті түрде ол өз қауымына Алланың жалғыз екенін және Аллаға ғана құлшылық ету керектігін ескерткен тұстарын байқауға болады. Бұл өз кезегінде Ибраһимның (а.с.) таухид ілімін халқына дәріптеп, ширк (Аллаға серік қосу) амалдардың алдын алуға ықпал еткенін келесі аяттарда көруге болады. Мәселен, «Анам» сүресінде пұтқа табынған әкесіне ол былай дейді: «وَإِذْ قَالَ إِبْرَاهِيمُ لِأَبِيهِ آزَرَ أَتَتَّخِذُ أَصْنَامًا آلِهَةً» – «Ей, Әке, пұттарға Құдай ретінде табынасыңдар ма?», деді. Бұған қоса келесі «Әнбия» сүресінде: «أَفَتَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ مَا لَا يَنْفَعُكُمْ شَيْئًا وَلَا يَضُرُّكُمْ (66) أُفٍّ لَكُمْ وَلِمَا تَعْبُدُونَ مِنْ دُونِ اللَّهِ أَفَلَا تَعْقِلُونَ» – «Сендер Алланың орнына өздеріңе ешбір зиян да пайда да тигізе алмайтын нәрсеге табынасыңдар ма?. Алладан өзгеге табынуларың қалай? Ақылға келмейсіңдер ме?», сондай-ақ, Ибарһим (а.с.) ширк амалынан қаншалықты алыс болғандығы туралы Мұхаммедттің (с.а.у.) тілімен былай баяндалады: «قُلْ إِنَّنِي هَدَانِي رَبِّي إِلَى صِرَاطٍ مُسْتَقِيمٍ دِينًا قِيَمًا مِلَّةَ إِبْرَاهِيمَ حَنِيفًا وَمَا كَانَ مِنَ الْمُشْرِكِينَ» – «Расында, Раббым мені тура дінге, Ибраһимның (а.с.) жолына салды. Ол (Аллаға) серік қосушылардан емес еді». Осындай аяттардың мазмұны Ибраһимның (а.с.) ширк амалдарынан қаншалықты алыс екендігін әрі Алланың жолында халқын таухидке шақырғандығын аңғаруға болады. Сонымен қатар, барлық кітап түскен (иудей, христиан, ислам) діндердің тұжырымдамасы бойынша Ибраһим (а.с.) пайғамбарлардың атасы және ол монотейстік діннің негізін салушы болып саналады. Демек, Ибраһим (а.с.) Алланың бірлігін дәріптеген әрі өзге пұттарға табынудан тыйған ең үлкен пайғамбар екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл дегеніміз шахада, яғни, «Алладан басқа тәңір жоқ» деп куәлік етудің негізі сонау Ибраһим (а.с.) пайғамбардан басталғанын білдіреді.



2)–Намаз
Кез-келген мұсылман үшін намаз құлшылығының өмірдегі орны ерекше болу керек. Себебі, намаз арқылы пенде Жаратушымен күнделікті байланыста болып отырады. Сондықтан, бес парыздың екінші қатарда намаздың тұруы да бекер емес-тін. Өйткені, Абай атамыз айтып кеткендей: «Әрбір адамға – иман парыз, имандыға – құлышылық парыз» деп, Алланы бір деп таныған адам оған құлшылық етуі тиіс болады. Ал, Ибраһим (а.с.) пайғамбар намаз құлшылығына қатысты да Құранда ескеріліп кеткен. Мәселен, «Ибраһим» сүресінің 40 аятында: «رَبِّ اجْعَلْنِي مُقِيمَ الصَّلَاةِ وَمِنْ ذُرِّيَّتِي رَبَّنَا وَتَقَبَّلْ دُعَاءِ» – «Раббым! Мені және ұрпақтарымды намазды толық орындаушылардан қыл! Раббым! Тілегімді қабыл ет!». Бұл аяттағы «ذُرِّيَّةٌ » – «зуррия» сөзі қазақ тіліде «ұрпақ» деген мағынаны білдіреді. Құранда Ибраһим (а.с.) дұға еткенде қашанда ұрпағын қосып дұға ететін болған. Яғни, Ислам діні Ибраһим (а.с.) пайғамбардың баласы Исмайлдан (а.с.) бері тікелей Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарға түскен. Ал, оның екінші ұлы Исхақ (а.с.) пайғамбардан Иақуб (а.с.), Жүсіп (а.с.), Дауд (а.с.), Сүлеймен (а.с.), Мұса (а.с.), Иса (а.с.) секілді пайғамбарлар тараған. Жалпылама айтқанда, аталған Ибраһимның (а.с.) ұрпақтары үшін намаз құлшылығы тансық емес еді. Себебі, дұғаның мазмұнында олардың намаз құлшылығына деген құлшыныстарын байқауға болады. Осылайша, аталған дұға қабыл болып, намаз құлшылығы біздерге дейін жеткенін аңғарамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет