Білім беру бағдарламасы қазіргі мектепті басқарудың нормативтік қҰҚЫҚТЫҚ негіздері



Pdf көрінісі
бет14/33
Дата23.11.2022
өлшемі418,31 Kb.
#52120
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
 
Білім беру ұйымының жарғысы 
Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы негізінде өз 
жарғысын әзірлейді. 
Мұнда білім беру мекемесі қызметінің ұйымдастырушылық және құқықтық негіздері 
көрсетіледі, білім беру процесіне қатысушылар арасындағы құқықтық қатынастар реттеледі. 
 
41-бап. Білім беру ұйымының жарғысы. Қазақстан Республикасының «Білім 
туралы» Заңы 
1. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының азаматтық 
заңнамасында көзделген талаптардан басқа мыналарды қамтуы тиіс: 
1) жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізбесі; 
2) білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі; 
3) білім беру процесін ұйымдастыру тәртібі (оның ішінде оқыту және тәрбиелеу 
тілі (тілдері), білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу тәртібі); 
4) білімдерді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық және қорытынды 
аттестаттау жүйесі, оларды өткізудің нысандары және тәртібі; 
4-1) білім алушыларды, тәрбиеленушілерді оқудан шығару негіздері және тәртібі
5) ақылы қызмет көрсетудің тізбесі және тәртібі; 
6) білім беру ұйымының білім алушылармен, тәрбиеленушілермен және (немесе) 
олардың ата-аналарымен және өзге де заңды өкілдерімен қарым-қатынастарын 
ресімдеу тәртібі. 
2. Білім беру ұйымының жарғысында оның қызметіне қатысты және Қазақстан 
Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де ережелер қамтылуы мүмкін. 
3. Білім беру ұйымының жарғысы Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен бекітіледі. 
 
 


Білім беру ұйымдарын басқару. Алқалы басқару органдары 
Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті 
үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының жарғысына 
сәйкес дара басшылық және алқаластық басқару принциптері негізінде жүзеге асырылады. 
Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 
Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. 
Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен 
кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру саласындағы 
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады. 
Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында 
белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. 
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім беру 
ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және ғылыми-
әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады. 
Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса 
атқаруға болмайды. 
Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген 
тәртіппен: 
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің 
құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны; 
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны үшін; 
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны үшін; 
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің 
оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы үшін; 
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша 
қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшін; 
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында қарастырылған 
басқа да талаптарды бұзғаны үшін жауапты болып табылады (ҚР «Білім туралы» Заңының 45-
бабы). 
Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. Білім беру ұйымын 
алқалы басқарудың нысандары білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық 
кеңес, педагогтік, әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми әдістемелік) кеңестер және жұмысты 
ұйымдастырудың үлгілік ережелері мен сайлау тәртібін білім беру саласындағы уәкілетті 
орган бекітетін басқа да нысандар бола алады (ҚР«Білім туралы» Заңының 44-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет