Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


Логопедиялық жаттығулар (диактант)



бет11/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

Логопедиялық жаттығулар (диактант)
Мәтіндерді оқу мәтіндерді көшіріп жазу дағдысымен алмасып отырады. Мәтіндегі қателерді түзетудің қажеті жоқ. Оқушы жазғанын мәтінмен салыстырып отырады. Бала өз қателіктерін өз бетінше табады. Мұндай сабақтар балаға қатесіз жазуды үйренуге көмектеседі және дислексияны емдеуге ықпал етеді.


Тапсырма
1-қадам. Мәтінді түсініп оқыңыз. Оқылған мәтінді есте сақтағаныңыз бойынша сөзбе-сөз жазыңыз. Жазылған мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзетіңіз, редакциялаңыз.
Бөлім: Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика
Оқу мақсаты: 6.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау
2-қадам. Жекелеген оқушыларға мәтіндегі орфографиялық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялауға арналған тапсырма алгоритмін ұсыныңыз.

«Астана-Бәйтерек» монументі – елордамыз Астана қаласының негізгі нышаны, оның визитті карточкасы. Бәйтерек – ежелгі таным бойынша, тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек – байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, «бәй» – үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде – дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек, «Бәйтерек» екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады.


2-күн
1,2-сабақ
Тапсырма. Диалогті оқи отырып, әр сөздің мағынасына назар аударыңыз. Мәтінді қайта құрылымдаңыз.
Тапсырма критерийлері:
- айқындауға болатын сөздердің мағынасын ашады;
- сөйлеудегі дәлдікті көрсетеді;
- мағыналас сөздерді табады.
Диалог
– Ей, қайда барасың?
– Батяның жұмысына.
– Кешке общягаға тартылсай.
– Айтсаң болды ғой, братуха!
– Қоянның суретін салып кетпе!
https://www.bugin.kz/2953-til-ishindegi-til-nemese-dgastar-tili


Тапсырма. М.Балақаевтың қазақ тілі оқулықтары, оларды пайдалану туралы пікірін ескере отырып, қолданыстағы бағдарламадағы әдеби тіл нормасын меңгертудің оңтайлы тәсілін ұсыныңыздар.
Қазақ тілі, 10-сынып, «Сөз дәлдігі» тақырыбы




Мысалы: Оқу үлгірімі жақсарды(үлгірім емес, үлгерім).
Пойызға үлгірмей қаламын(үлгірмей емес, үлгермей)


1-тапсырма.
1.Ұсынылған оқу мақсаты бойынша тапсырма құрастырыңыз. Тапсырманы ұсыну қадамдарын жазу үшін https://jamboard.google.com тақтасын қолданыңыз.
2. Осы тапсырманы басқаша қалай түрлендіруге болады? Орындау уақыты: 15 минут. Ортақ топта талқылау үшін берілетін уақыт: 2 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет