«РРР» әдісі
Мәтінді оқып, сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін(сызықшаның) қолданылуын мысалмен түсіндіріңіз.
Оқу мақсаты:
Қазақ тілі, 10-сынып. ЖМБ
«Сәулет өнері. Тілдік жүйе және норма» бөлімі
Оқу мақсаты:
10.3.1.1 ғылыми-көпшілік стильдің жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып, мақала жазу;
10.4.5.1 сөйлем және мәтін деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу.
Мәтіннен мысал
|
Сызықшаның қойылу себептері
|
|
|
|
|
Шот-Аман Уәлиханов – Қазақстан мен одан тысқары мемлекеттерге танымал сәулетші, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, көптеген ғылыми-танымдық еңбектердің авторы, халыққа сыйлы азамат. Оның төл туындысы – егемен еліміздің таңбасы. Қазақстанды әлемге танытып келеді! Осындай сөзге шешен, ойға жүйрік аса дарынды адамның, сан қырлы талант иесінің екі томдық шығармалар жинағын парақтап оқыған оқырманның үлкен әсер алары сөзсіз. Ойы зерек, тілі жатық жазылған бұл кітап тағылым мен өнегеге тұнып тұр. Содан да болар, бастап оқығаннан-ақ әр сөзін қалт жібермей, тіпті көп жерлерін қайталап оқып шықтым, әдетімше астын сызып қойғандарым да жетерлік. Оқи отырып түйгенім, автор бұл кітапты шығарудағы басты мақсатын ел тарихындағы ақиқат айғақтар мен дәлелді деректерді бүгінгі замандастары мен кейінгі ұрпаққа жеткізу деп білген сияқты. «Өткеннен бізге жеткен әрбір ұлы еңбек – бабаларымыздың маңдай тері, ой-сезімі, талабы мен талантынан туған асыл мұрасы. Оған ие болып әрі байытып, келер ұрпақтардың игілігіне асыру – мұрагерлік борышымыз» дейді автор. Өткеннің бүгінмен сабақтастығы ұрпақтар жалғастығымен танылатынын айта келіп, «Білместіктің, надандықтың ең сорақы түрі – зиялыларды танымау, таланттарды қадірлемеу» деп білген автор Абылай хан, Шоқандардан бастап бүгінгі заманның серкелері – ел басшылары, қоғам және өнер қайраткерлері туралы өзінің үзік сырларын жазыпты. «Ұлт дегеніміз – кездейсоқ адамдардың әлдеқалай жинала қалған тобыры емес, ғасырлар бойы өмір сүріп, қуанышты, ренішті, жеңілісті, жеңісті бірге басынан кешірген, өмір тәжірибесі, дүниеге көзқарасы бар адамдардан тұратын ел-жұрт». Шота ағамыздың сөзінің астарында қандай ой түйіні жатыр?!
«Өсер елдің қарты қазына болар» деген дана халқымыздың айтқанындай, ол – біздің қазынамыз. Жасында байқары көп болған Шөкеңнің бүгінгі өскелең ұрпаққа айтары да көп, сол жағынан бұл кітаптың көптің көңілінен шығарына сенімім мол.
2.2-тапсырма. Мәтін стилін ажыратыңыз. Мәтіннің қолданылу аясын, жазылу мақсатын, стильдік белгісін, тілдік құралын, тілдік ерекшеліктерін талдаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |