Білім беру бағдарламасы ЖҰмыс дәптері нұр-Сұлтан, 2022


-қадам. Оқушыларға көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасау алгоритмін ұсыныңыз



бет3/93
Дата23.08.2022
өлшемі13,39 Mb.
#38234
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
Жұмыс дәптері Қазақ тілі Т1 ПИБ

2-қадам. Оқушыларға көркем мәтінге лингвистикалық талдау жасау алгоритмін ұсыныңыз.

...Тойды қайда өткізбексің? Үйіңде ме? 


— Жоқ, — деді Керімқұл шоқ басып алғандай шошып кетіп. — Үйге кім сыяды? Мен бес жүз адам шақырамын. 
— Не дейді? — деп жайшылықта сабырлы Төкең жастықтан басын көтеріп алды. — Бес жүз ағайын, жегжатты қайдан таптың? 
— Таптым. Мына жағы — Жасылкент, мына жағы — Мәуелі. Сен сияқты үйде омалып отырып алмаймын. Үш облысты аралап жүріп, ағайын, құда, жегжат — бәрін таптым. Тоқсанбай бабамыздан тараған үрім-бұтақтың өзі жүзден асады. Біз өніп-өскен тұқымбыз ғой. Енді сол үрдісті ары қарай дамыта беру керек емес пе? Әрі десе той шашырап кеткен туыстың басын біріктіреді. Ей, Төке, бұл той деген дәнекер, біле білсең. 
— Байғұс-ау, қарға тамырлы қазақта не көп, жегжат көп. Санай берсең, мыңнан асады. Маған десең, мың адам шақыр. Бірақ ақшаны қайдан табасың? Әлде баяғы Есей байдың Қыршынды тауына тығып кеткен алтынын тауып алдың ба? — деп Төкең күйіне бастады. 
Күйінбей қайтеді, бес жүз адам ең кемі екеу арадан бір бөтелке арақ ішеді. Басқа ішіп-жемін айтпағанда. Бес жүзіңе сонда, шамамен, екі жүз елу бөтелке арақ-шарап керек. 
— Былай өзі, есебін шығардың ба? Калькулятор деген болады. 
— Ой, Төке-ай, — деп Керімқұл сасырдың сояуындай қолын бір-ақ сілтеді. — Бес жүз адам әрқайсысы ең құрығанда бес мыңнан теңге әкелмей ме? Қайта, менің есебім бойынша, ресторанның төлемінен артылып, өз қалтамда қалады. 
— Ау, сонда сол тойға шақыратын ағайынның бәрі бай деп ойлайсың ба? 
Керімқұлдың сояудай сидан қолдары ербеңдеп кетті. Құрықтай мойнының тамыры білеуленіп: 
Байы да бар, бақуаты да бар. Сорлы емес. Мысалы, ана Жасылкенттегі Жеңіскүлді ал. Үш баласы үш фирма ұстайды. Бір келіні банкир. Жеңіскүл өзіміздің жиен қарындасымыз ғой. Жақында Лондонға барып қайтты. Меккеге қажылыққа барып келген. Ол үшін бір мың доллар, пішту, шемішке шаққан ғұрлы емес. Соның өзі-ақ ресторанның жарты ақысын атқарады... — деп екіленіп, екпіндеп барып әрең тоқтады. 
Бір-екі жас үлкендігі бар, майдангер немере ағасы Төкең қатты ойланып, басын ұстап, отырып-отырып: 
— Қайдам, — деді. — Қай ресторанды алмақшысың? 
— Қай ресторан болушы еді — «Аспантау»! Қаладағы ең мықтысы сол. 
Төкең басын шайқады...




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет