Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет28/61
Дата25.11.2023
өлшемі1,16 Mb.
#127289
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61
20-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Курсты қорытындылау
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар рефлексиялық есеп жазу мәселелерін талдап, бір-бірінің есептерін 
бағамдайды.
Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Топқа бөлу.
2.
«Есептер» таныстырылымы. Ауысып отыратын жұпта талқылау.
3.
Мини-дәріс«Сыни сараптамалық жазба». 1-үлестірме материал.
4.
Есептер бойынша сұрақ құрастыруға арналған жаттығу. Тыңдаушылар параққа 
бір сұрақ жазады, парақты бүктейді және топта шеңбер бойынша бір-біріне 
жібереді. Жауап жазады. Жұптық жұмыс. Тыңдаушылар құпиялылықты ескере 
отырып, мектеп тренері алдын-ала дайындап қойған мұғалімдердің есептерін 
бағалайды.
5.
Тақырып бойынша 1 тұжырым құрастыру. Мектеп тренері әрбір тыңдаушыны 
тыңдайды және айтылған идеяларды постерге жазады.
2-сабақ
1.
Жаттығу.
2.
Курста оқу бойынша жазылған есептерді жұпта өзара бағалау.
3.
Дәлелдемелер: күшті, әлсіз. Дәлелдеме түрлері: фото, сканкөшірмелер, 
бейнежазба, әңгімелердің транскриптілері және т.б.
4.
Күн қорытындысы. Тыңдаушылар рефлексиясы.


Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу
30
МҰҒАЛІМДЕРДІ БАҒАЛАУ
 
Бағдарламаның түйінді идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапалық деңгейге 
қол жеткізуіне бағытталған. Ол сапалық деңгей Мұғалім өзін кәсіби тұрғыдан ой толғауға 
қабілетті, өзінің оқыту және оқу тәжірибесін зерттеп, оны өзгертуге дайын маман ретінде та- 
ныту үшін қажет.
Кәсіби даму бағдарламасының өн бойында мұғалімдер Сабақты зерттеу және іс-әрекеттегі 
зерттеу тәсілдерімен танысады. Олар бұл зерттеу түрлерін өз тәжірибелік қызметінде қолданып, 
оның нәтижелеріне талдау жасай алатынын көрсетулері керек. Нәтижесінде мұғалімдер 
Сабақты зерттеу үдерісінің қалай өтіп, қандай нәтиже бергені туралы рефлексиялық есеп 
және іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінің барысы туралы сараптамалық есеп жазады. Мұғалімнің 
Бағдарламаны табысты игерудің төмендегі үш критерийіне сәйкестік деңгейін анықтауда 
олардың оқудың соңында жазатын рефлексиялық және сараптамалық есептері айрықша мәнге 
ие болады:
1.
 
Бағдарламаның түйінді идеяларын білу және түсіну.
2.
 
Өзінің оқыту және оқу тәжірибесінде Бағдарламада ұсынылған зерттеу түрлерін 
қолдану.
3.
 
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді енгізу туралы ойлану және одан әрі дамытуға 
арналған тәсілдер мен идеяларды белгілеу.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет