19-күн Сабақтың тақырыбы: Этика мәселелері. Рефлексиялық есеп жазуға дайындық Сабақтың мақсаты: Тыңдаушылар жалпы кез келген зерттеу жүргізу барысында этикалық талаптарды
сақтау қажеттігін талдап, зерттеуге тартылған адамдарды хабардар ету және
олардан зерттеуге қатысуға келісім алу үшін қолданылатын нысан әзірлейді.
Жаттығулар 1-сабақ 1.
Тыңдаушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Таныстырылымды (2-3-слайдтар) көрсете отырып, тыңдаушыларды дерек
жинау барысында ескерілуі тиісті этикалық талаптармен таныстыру.
3.
«Этикалық талаптар – қысқаша сипаттама» атты үлестірме материалды
пайдалана отырып, кез келген дерек жинау барысында ескерілуге тиісті
этикалық талаптарды талдау үшін тыңдаушылар жұп болып жұмыс істейді.
Соңынан бүкіл топ болып дерек жинау барысында туындауы мүмкін этикалық
мәселелерді шешу жолдарын талқылайды.
4.
Тыңдаушылар бүкіл топ болып қандай жағдайларда қандай адамдардан келісім
алу керектігі туралы миға шабуыл жасайды. Айтылған идеяларды флипчартқа
жазып тұру.
5.
Тыңдаушылар 4-5 адамнан тұратын шағын топта жұмыс істеп, миға шабуыл
барысында ұсынылған адамдардың бірінен келісім алуға арналған нысан
әзірлейді. Әр топтың әртүрлі адамға арналған келісім алу нысанын әзірлеуін
қадағалау. Келісім алу нысандарын (мүмкіндігінше) электронды нұсқада
әзірлеп, оны интербелсенді тақтаға шығару арқылы бүкіл топқа таныстыруды
ұйымдастыру. Соңында тыңдаушылар барлық нысандармен алмасады.
6.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Неліктен зерттеу жүргізуде этикалық талаптардың сақталуы маңызды?
7.
Сабақты қорытындылау
2-сабақ 1.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2.
Рефлексия туралы рефлексия. Таныстырылымдағы жаттығуды орындау.
3.
Рефлексиялық есеп жазуда қолданылатын сөз орамдары. Тыңдаушылар шағын
топтарда 1 және 2-үлестірме материалды талдайды. Содан кейін жеке жұмыс
істей отырып, оларды іс жүзінде қолдануға жаттығу мақсатында, ұсынылған
құрылымдарды пайдаланып, сөйлем құрастырады.
4.
Тараулардың қалай жазылатынын түсіндіру мақсатында бір тарауға толық
талдау жасау (3-үлестірме материал).
5.
Сабақты қорытындылау.
6.
Үй тапсырмасы: рефлексиялық есеп жазуды бастау
Қосымша оқу Білім беру саласында зерттеу жүргізудің этикалық негіздері жөніндегі нұсқаулық