Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет30/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63
Байланысты:
Оқу құралы Модуль4

Бірінші деңгей:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (Министрлік) білім беру мониторингінің барлық рәсімдерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік және бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етілуін салалық үйлестіруді жүзеге асырады, барынша негізделген және жағдай талаптарына барабар басқарушылық шешімдер үшін білім беру мониторингінің негізгі бағыттары мен қорытындыларын жалпы талдауды айқындайды;
2) ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректер бойынша қажетті мәліметтерді ұсынады, өздерінің құзыретіне кіретін шешімдер қабылдау үшін зерттеулерге, білім беру мониторингінің нәтижелерін талдауға қатысады;
3) облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары жүргізеді. Облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары өз өңірінде мониторинг жүргізу туралы шешім қабылдайды.
Екінші деңгейді мониторингіні аудандық (қалалық) білім бөлімдері жүзеге асырады;
Үшінші деңгей мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік) және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының деңгейінде өткізіледі.
Индикаторлар бойынша мәліметтер мен есептілікті Министрлікке жыл сайын облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары, жоғары оқу орындары және республикалық білім беру ұйымдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдар әкімшілік деректерді жинақтауға арналған нысандар мен мерзімдерге сәйкес ұсынады.
Министрлік білім беру мониторингінің қорытындыларын шығаруды жыл сайын:

  • есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 наурызына дейін ұлттық жинақ түрінде;

  • есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 тамызына дейін Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің жай-күйі мен дамуы туралы ұлттық баяндама түрінде жүзеге асырады.

(сілтеме «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 12 қарашадағы № 459 бұйрығы).



Қазіргі білім беру жүйесінде мониторинг әртүрлі деңгейлерде жүргізіледі, тиісінше, осы деңгейлердің әрқайсысында белгілі бір мақсат белгіленіп, мониторингтің белгілі бір объектілері таңдалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет