Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі


Білім сапасын мониторингілеуобъектілері



бет37/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Білім сапасын мониторингілеуобъектілері

МЖМБС талаптарымен белгіленеді

Мектепке әлеуметтік тапсырыс талаптарымен анықталады

Білім беру нәтижелері

Пәндік: пәндік білім мен дағдылардың нақты қоры, оқығандық пен оқудың арақатынасы, жағдайлық мінез-құлық, туындаған жағдайларды түсіну және бағалау қабілеті, шығармашылық табыстар.
Метапәндік: тілдік құзыреттілік, әлеуметтік-құқықтық құзыреттілік, ақпараттық құзыреттілік.
Жеке: келесі қызмет салаларындағы құзыреттіліктер: өз бетінше танымдық, азаматтық-әлеуметтік, әлеуметтік-еңбек, тұрмыстық, мәдени-демалыс.

Мектеп ерекшелігіне сай

Білім беру қызметінің шарттары

Оқу үдерісін ресурстармен қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: оқу бөлмелерін жабдықтау, білім беру бағдарламалары мен заманауи оқулықтармен қамтамасыз ету, мұғалімдердің кәсіби біліктілігі, оқу үдерісін жүзеге асырудың валеологиялық (денсаулық сақтау) шарттары

Мектеп ерекшелігіне сай

Білім беру нәтижелеріне жету шарты (барлық қатысушылардың күш-жігері)

Оқу үрдісіне қатысушылардың барлығының қажетті нәтижеге жетуге күш салуы, яғни олардың жүктемесі. Оқушылардың стандартты жүктемесі кестенің валеологиялық қисығымен, үй тапсырмаларының көлемімен анықталады. Мұғалімдердің жүктемесі олардың сабақ кестесіне деген қанағаттануымен, стандарт талаптарын орындау үшін біліктілікті арттыру қажеттілігімен анықталады.

Мектеп ерекшелігіне сай

Дереккөз: С.А. Иванов, С.А. Писарева, Е.В. Пискунова О.Э. Крутова Білім берудегі мониторинг және статистика: тьюторларды даярлауға арналған оқу-әдістемелік материалдар жинақтағы.

Білім сапасы мониторингінің объектілері белгілі бір құрал, нұсқаулықтың көмегімен бағалануы (өлшенуі) мүмкін, берілген объектіде нақты не өлшенетінін сипаттайтын критерийлер негізінде таңдалады және осы өлшемнің дәлдігі (орынды болуы) туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Объектілер, критерийлер, көрсеткіштер мен инструментарий (әдістер) өзара келесідей байланысты:


-сурет. Мониторинг компоненттерінің өзара байланысы

Әрбір мониторинг объектісінің өзіндік критерийлері мен оған сәйкес көрсеткіштері болуы мүмкін. Сонымен қатар бір критерий әр түрлі мониторинг объектілері жайлы ақпарат беруі де мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет