Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет36/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63
Мониторингті жоспарлау
Мониторинг білім беру ұйымын басқарудың заманауи компоненттерінің бірі болып табылады, ал мониторинг барысында жиналған ақпарат басқару шешімдерін қабылдауға негіз болуы тиіс. Мониторинг шешім қабылдаумен, басқару жүйесімен өзара байланыста болады.

Мониторинг мектепішілік бақылауды алмастырмайды, себебі оның негізгі функциясы тексеру емес.
Мониторингті мектепішілік бақылау объектілері туралы ақпаратты үздіксіз жинау құралы ретінде пайдалануға болады.
Қазіргі жағдайда білім беру үдерісіне қатысушылардың іс-әрекеті білім сапасын арттыруға бағытталған, сондықтан қазіргі таңдағы мектепішілік бақылаудың ақпараттық негізі ретінде білім сапасының мониторингін енгізу әбден заңды болып табылады.

Мониторингті жоспарлауда келесі сұрақтар орынды:

  • Мониторинг арқылы білім беру үдерісінің сапасына инновациялық әрекеттердің оң әсерін қалай анықтауға болады?

  • Мектептің инновациялық қызметінің сапасын бағалауда мониторингті жоспарлау мен іске асырудың тиімділігін қалай анықтауға болады?

  • Мониторингті қандай критерийлер мен көрсеткіштер бойынша жүргізген дұрыс?

  • Мониторингтің қандай моделін қолданған жөн?

  • Сандық және сапалық мониторинг деректерін жинау және өңдеу үшін қандай әдістерді пайдалану қажет?

  • Интерпретациялау үшін деректерді талдау мен бағалаудың қандай әдістері қолданылады?

  • Мониторинг нәтижелері бойынша басқарушылық шешім қабылдаудың қандай әдістері қолданылады?

  • Анықталған кемшіліктерді түзету үшін қабылданған шаралардың тиімділігін қалай анықтауға болады?

Мектептің инновациялық қызметінің мониторингін жоспарлау келесі кезеңдер арқылы іске асырылады:


Бірінші кезеңде мектепті дамыту жөніндегі инновациялық қызметтің мақсаты мен міндеттеріне, іс-шараларына сәйкес мақсат, мониторинг объектісін белгілеу қажет.
Мысалы, міндеттерді орындау сапасы және мектепті дамыту бойынша инновациялық қызметтің бағыты объект бола алады.
Мониторингтің мақсаты қалай тұжырымдалуы және нысаны қалай айқындалуы мүмкін?
Әр білім беру мекемесінің өзіндік ерекшеліктері, міндеттері мен қызмет бағыттары бар. Алайда, белгілі бір шарттарды тұжырымдауға болады.
Білім беру сапасын мониторингілеудің мақсаты білім беру нәтижесінің сапасы, оларға қол жеткізудің шарттары туралы шынайы ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау және тарату қажеттілігімен айқындалады.
Бұл бағыт мақсатты тұжырымдау шеңберін белгілейді, яғни келесі сұрақтарға жауап іздейді:

  • Біз не туралы ақпарат (қандай нәтижелер, шарттар және оларға қол жеткізу бағасы туралы) жинаймыз?

  • Ақпаратты қалай жинаймыз (қандай әдістермен)?

  • Біз оны қалай өңдейміз?

  • Қандай ақпаратты және оны қалай сақтаймыз?

  • Мониторинг нәтижелері туралы кімді және қалай хабардар етеміз?

  • Әрі қарай қалай жұмыс істейміз?

Білім сапасы мониторингінің объектілері - білім беру нәтижелері, оларға қол жеткізу шарттары - бір жағынан МЖМБС талаптарымен, ал екінші жағынан мектепке әлеуметтік тапсырыспен анықталады және білім беруді ұйымдастырудың ерекшелігін, оның басқа мектептерден айырмашылығын сипаттайды (7-кесте).

7-кесте. Білім сапасы мониторингінің объектілері



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет