Білім беру бағдарламасы мектепішілік бақылау және білім беру процесінің мониторингісі



бет39/63
Дата02.11.2022
өлшемі0,53 Mb.
#47022
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Гант диаграммасы
Гант диаграммасы - американдық инженер Генри Гант (Henry Gantt) ойлап тапқан жоспарлау, тапсырмаларды басқару құралы болып табылады.
Гант диаграммасы (Гант графигі) дегеніміз - бүтіннің бөліктерін визуалды синхрондаушы және көрнекі бейнелейтін жолақты диаграмма. Бұл диаграмма бір жоба шеңберінде әр түрлі жұмыс түрлерінің дайындық кезеңдерін көрнекі бейнелеуге көмектеседі.
Жоба үшін Гант диаграммасы параллель сызықтардан тұрады, олар бірдей уақыт кезеңін көрсетеді, бірақ жобаның әртүрлі құрамдас бөліктері туралы ақпаратты қамтиды. Көрнектілік үшін диаграммада жобаның басталу уақыты мен мерзімі көрсетіледі. Осындай диаграманы қолдана отырып, үдерістердің қайсысы жоспарға сәйкес жүріп жатқанын, ал қайсысы кешіккенін және қай жерде уақытында үлгермеу мүмкін екенін бақылау оңай.



8-сурет. Гант диаграммасының мысалы.
Мониторинг бағдарламасын/жоспарын құруға кіріскенде қандай факторларды ескеру қажет?
Мониторинг бағдарламасын/ жоспарын жасау кезінде жиналған мониторингтік ақпаратты талдау барысында ескеру қажет бірқатар факторлардың мектептің қызметіне әсері туралы есте сақтау қажет. Мұнда келесі факторларды атап көрсетуге болады:

  • мектеп өзгерте алатын факторлар (мақсатты тұжырымдау, еңбекті ұйымдастыру және жағдайлары, ұжымдағы қарым-қатынастар, оқу материалдарымен қамтамасыз ету, санитарлық нормаларды сақтау, кадрлармен қамтамасыз ету, білім беру бағдарламаларының алуандығы, әлеуметтік қолдау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және т.б.);

  • мектеп белгілі бір жағдайларда өзгерте алатын факторлар (келісіп анықталған мақсат, оқу үдерісін ұйымдастыру, ата-аналардың тартылуы, бос уақытты ұйымдастыру және т.б.);

  • мектеп ықпал етуі мүмкін факторлар (жеке өміріне қатысты жоспар, тұлғаның қасиеттері, дене шынығуы, денсаулық жағдайы, жеке өмірге дайындық және т.б.);

  • белгілі бір жағдайларда мектеп ықпал ете алатын факторлар (қабілет, отбасылық қатынастар және т.б.);

  • мектеп әсер ете алмайтын факторлар (биогенетикалық қабілеттер, отбасылық табыс деңгейі, отбасылардың әлеуметтік-демографиялық сипаттамалары және т.б.).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет