Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 5В011300-Биология Пән циклы атауы және коды



бет22/61
Дата06.01.2022
өлшемі111,12 Kb.
#16793
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
11.11. Тақырыбы 12 жылдық білім беру жүйесінің оқыту технологиялары

Сағат саны 2

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары

  1. Оқыту әдісінің мәні және оған анықтама.

  2. Жаңашыл педагогтар оқыту әдістері туралы ой пікірлері

Дәріс тезисі

Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің бірі. Оқыту әдістері, білім берудің мазұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттерімен анықталады.

Оқыту үрдісінің нәтижелі және сапалы болуы оқыту әдістерін тиімді творчестволықпен жүзеге асыруына байланысты. Бүгінгі күн шындығы оқыту әдістері туралы жаңаша ойлауымызды қажет етеді. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқыту әдістерін жетілдіру және білім сапасын арттыру міндеттері көрсетілген. Алайда оқу-тәрбие үрдісінде кең орын алған формализмнің нәтижесінде көптеген оқу орындарында оқу сапасының құлдырап кеткендігі айтылған. Тұжырымдамада оқушылардың жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жоғарғы сатыдағы бейімдік және кәсіптік бағдарлы оқыту жүйесін құру делінген (Егемен Қазақстан 26 желтоқсан, 2003 жыл). Педагогиканың дидактика бөлімінде оқыту әдістерін жетілдіру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Оқулықтарда оқыту әдістерінің топтары, олардың жіктелуі туралы әртүрлі пікірлерді кездестіруге болады.

Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас көрсетілмейді.Сондықтан оқыту әдісінің субъективті –субъективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту үрдісі барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту үрдісінде белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынассубъектісі-субъектілік негізде құрылуы керек.

Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы мен мұғалім арасындағы бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субъектісі-субъектілік қарым-қатынас құралдары ретінде анықталады.

Әдебиеттер


  1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Орта білім.

  2. Ж.Б.Қоянбаев,Р.М.Қоянбаев.Педагогика.Алматы,2009

  3. С.А.Мұсаева., Т.Б.Бегалиев.Жас ерекшелік педагогикасы.Астана, 2009.

  4. В.Н.Дружинина. Психология.Санкт-Петербург, 2010.

  5. 12 жылдық мектепте оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі туралы ереже.

Астана, 2009



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет