50
Үшінші реттік құрылымы – эукариоттарда қос спиральды
ДНҚ тізбегінің гистонға
оралып, суперспираль түзуі нәтижесінде шар тәрізді төмпешіктер түзіледі. Гистондар 5 түрге
бөлінеді — Н
1
Н
2
, Н
2
, Н
3
, Н
4
. Н
1
гистонынан басқа гистондардан октет құрылады. Бұл
қктетке ДНҚ –ның тізбегінің 140 негіздер жұбынан түзілген
бір бөлімі оралады, сөйтіп,
нуклеосома түзіледі. Октетке оралған ДНҚ-ның бөлігі активті емес төмпешік түзеді, осы
төмпешіктердің арасында ДНҚ-ның суперспиральданбаған активті бөлігі және белок Н1
орналасады. Бұл аймақ шамамен 50 жұп нуклеотидтерден тұрады.
Сурет 14. ДНҚ үшінші реттік құрылымы
ДНҚ-ның төртінші реттік құрылымы – хромосомаларында ДНҚ молекуласының өте
тығыз
орналасуы, ұзындығы бірнеше
см-ге дейін жететін молекула,5
нм- ге дейін
жинақталады (с.15).
51
Сурет 15. ДНҚ-ның төртінші реттік құрылымы
16. ДНҚ-ның тірі организмдер үшін маңызы.
Барлық генетикалық ақпараттар ДНҚ –да сақталған. ДНҚ белок биосинтезіне қатысады.
17. РНҚ, нуклеотидтік құрамы, құрылысы, РНҚ түрлері (м – РНҚ, т – РНҚ, р – РНҚ).
РНҚ – рибонуклеин қышқылы. РНҚ-ның барлық өкілдері бір полинуклеотид тізбегінен
тұрады. Сондықтан олардың молекулалық массасы ДНҚ-ға қарағанда жеңіл болады. ДНҚ-дан
айырмашылығы РНҚ-ның клеткадағы мөлшері клетканың жасына, қызметіне, қай органның
құрамында болатындығына байланысты өзгеріске ұшырауы.
РНК молекуласында Чаргафф
заңы сақталмайды. Атқаратын қызметі мен кездесетін жеріне байланысты РНК үш түрге
бөлінеді: Матрицалық –мРНК; тасымалдаушы- тРНК; рибосомалық –рРНК.
Достарыңызбен бөлісу: