Биохимия кафедрасы


в) ІІІ-саты- биологиялық тотығу, ол туралы ұғым, маңызы.  1. Биологиялық тотығудың сатылары, сутек атомдары мен электрондарды



Pdf көрінісі
бет54/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
 
в) ІІІ-саты- биологиялық тотығу, ол туралы ұғым, маңызы. 
1. Биологиялық тотығудың сатылары, сутек атомдары мен электрондарды 
тасымалдауға қатысатын ферменттер. 
Биологиялық тотығу (БТ) немесе тіндік тынысалу- оттектің қатысымен тотықсызданған 
дегидрогеназалардың тотығуының жүруі. БТ- оксидоредуктазалардың мынандай тәртіппен 
орналаса: пиридиндік, флавиндік,убихинон және цитохромдардың қатысуымен жүретін тоты-
ғу-тотықсыздану реакцияларының тізбегі. Бұл ферменттер сутекті та-сымалдайды
убихинонға келгенде сутек протондар мен электрондарға ыдырайды. Әрі қарай электрондар 
цитохромдармен тасымалданады. Соңында электрондар оттек молекуласына беріліп оны 
йондайды. Оттек ионы протонмен әрекеттесіп эндогендік суды түзеді. БТ процесі кезінде 
энергия бөлінеді, ол АТФ(40-48) пен жылуға(52-60) айналады. 
БТ-ның рөлі: 1) Субстраттардың біртіндеп энергия бөле жүре тотығуы; 
2) Эндогендік судың түзілуі. 
БТ-ның жалпы теңдеуі: 1/2 О
2
+ 2Н
+
→ энергия + Н
2
О 
Биологиялық тотығу 11 жүйелі реакциялардан тұрады.


78 
Бірінші болып НАД-тәуелді пиридиндік ферменттер қатысады. Олар субстратпен 
тікелей әрекеттесіп одан сутекті бөліп алады. 
Субстрат-Н2 + ПФ(НАД+) → Субстрат + НАДН2 + апофермент 
БТ тізбегінде ФМН-тәуелді флавиндік фермент екінші болып қатыса-ды, 
простетикалық 
тобы 
рибофлавин-5-фосфат(флавинмононуклеотид-ФМН). 
ФМН-нің 
простетикалық тобы НАДН2-ден екі электронды алып ФМНН2-ге айналады.
ФМНН2 –ден электрондар убихинонға беріледі. ФП мен убихинонның арасында аралық 
зат гемсіз темір мен күкіртті протеиннен тұратын комплекс(FeS-протеин) бар, ол НАДН2-Q-
редуктазаның құрамына кіреді.
Биологиялық тотығудың немесе тіндік тынысалудың негізгі ерекшелігі, олардың
көптеген аралық сатылар арқылы біртіндеп про-тондар мен электрондарды бір ферменттік 
жүйеден басқа ферменттік жүйелерге бере жүру процесінде. Осы сатылардың әрқайсысында 
азда-ған мөлшерде электрондардың энергиясы бөлініп отырады. Сонымен биологиялық 
тотығудың мәні энергияның біртіндеп бөлінуі мен эндо-генді судың түзілуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет