«Биология, география және химия» ббб


№5 лекция. Тип: MOLLUSCA-Моллюскалар



бет32/107
Дата19.10.2023
өлшемі9,49 Mb.
#119368
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107

5 лекция. Тип: MOLLUSCA-Моллюскалар


1.1.Моллюскалар типінің жалпы сипаттамасы. 1.2. Типтің систематикасы. 1.3.Экологиясы.1.4.Құрылысы мен дамуының ерекшеліктері.1.5.Маңызы.


Моллюскалар (Mollusca, латын molluscus – жұмсақ), жұмсақ денелілер – омыртқасыз жануарлардың бір типі. Моллюскалар типі жануарлардың әртүрлі топтарын біріктіреді. Бұл баяу жорғалайтын ұлулар мен шырыштар және шамалы отырықшы қоссауыттылар (соның ішінде жеуге жарайтын теңіз түрлері) және өте елгезек басаяқтылар. Қазір 80000 астам тіршілік ететін және 35000 жуық қазба түрлерден тұратын бұл жануарлар типі көлемі жағынан буынаяқтылардан кейін ғана екінші орында тұр. Басаяқты моллюскаларға ең ірі омыртқасыз жануар, салмағы бірнеше тонна, ал ұзындығы 16 м-ге жететін алып кальмар жатады.
Қазба қалдықтары кембрийге дейінгі тау жыныстарынан табылған. Моллюскалар мұхитта, теңізде, құрлықта, аздаған түрі тұщы суда таралған. Бұлардың 2 тип тармағына: бүйіржүйкелілер және бақалшақтыларға жататын 130 мыңнан астам түрі жатады. Қазақстанда 36 тұқымдасы, 69 туысы және 300-ге жуық түрі кездеседі. Денесі сегменттерге бөлінбеген (тек кейбір төм. сатыдағы өкілдерінде метамерияның белгісі байқалады), бас, тұлға және аяқ бөлімдеріне бөлінеді. Басында аузы, көпшілік түрінде қармалағыштары, көзінің бір бөлігі болады (кейде көздері жартылай немесе толықтай редукцияға ұшыраған).
Негізгі белгілері:
Сегменттелмеген целомды үшқабатты жануарлар.
Екіжақты симметриялы.
Денесі бас, тұлға және аяқ бөлімдерінен тұрады.
Сыртқы жамылғысы жұмсақ, ізбесті бақалшағын түзейтін дененің жан-жағында мантия қатпары орналасады.
Жүрегі бар, қан айналым жүйесі ашық.
Тыныс алу пигменті – гемоцианин.
Нерв жүйесі жұтқыншақ маңындағы сақинадан, бас және плевзольді, педальді ганглийлерден тұрады.
Жұмыртқадан трохофора личинкасы дамиды.


МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ Моллюскалар типінің өкілдері, жойылып кеткен организмдер қалдықтарынан тұратын жердің көне қабаттарынан белгілі, ал нақтырақ айтсақ, кембрий мен силур кезеңдерінің қалдықтарынан белгілі және бұл кезде моллюскалардың әртүрлі класс өкілдері тіршілік еткен.
Бұл факт, моллюскалар типінің эволюция процессінде айрықшалануы, жердің, ешқандай өлі организмдер қалдықтары сақталмайтын,көне кезеңінде пайда болу керектігін көрсетеді. Бұл жағдай себебінен, моллюскалардың шығу тегін, палеонтологиялық мәліметтер негізінде анықтау мүмкін емес, сол себептен біз салыстырмалы анатомия және эмбриология материалдарына сүйенеміз.
МОЛЛЮСКАЛАРДЫҢ КӨБЕЮІ ЖӘНЕ ДАМУЫ
Құрсақаяқты ұлулардың көбеюі. Жынысты. Гермафродиттер. Ұрықтануы айқасты, ішкі. Іркілдек баулармен байланған жұмыртқа салады.
Құрсақаяқты ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан 20-шы күні ұлу дамиды.
Қосжақтаулы ұлулардың көбеюі. Дара жынысты жануарлар. Ұрықтануы ішкі. Жұмыртқа аналық безде түзіліп, сумен бірге сперматозоидтар түсетін мантия қуысында ұрықтанады.
Қосжақтаулы ұлулардың дамуы. Жұмыртқадан дернәсіл түзіліп, ол шығару сифоны арқылы жүзіп бара жатқан балыққа бекінеді. Балық денесінде дернәсілдер екі айға дейін дамып, содан соң су түбіне түсіп, еркін тіршілік етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет