Биология кафедрасы



бет41/43
Дата06.01.2022
өлшемі0,56 Mb.
#15053
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Жұмыстың орындау барысы: Бұршақ тұқымдасының (Fabaceae, Papilionaceae) 120-мыңдай түрі, 490 туысы бар. Негізгі өмірлік формалары: ағаштар,бұталар,көпжылдық және біржылдық өсімдіктер. Шөптесін түрлерінің көпшілігі қоңыржай, тіптен климаты салқын аудандарда топтасқан, ал ағаштары мен бұталарының көпшілігі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Егін шаруашылығы практикасында бұршақтар тұқымдасының биологиялық ерекшеліктерінің маңызы аса зор. Мысалы: олар, түйнек бактерияларымен симбиоз тузіп,ауадағы бос жүрген азотты бойына сіңіруге мүмкіндік алады. Бұршақтар тұқымдасының жапырақтары көп жағдайда күрделі болып келеді, олардың қосалқы жапырақтары (жапырақ серігі) бар, жапырақтары кезектесіп орналасады. Гүлі бұршақтың гүлі типтес. Тостағаншасы біріккен жапырақшалардан тұрады, 5-тісті, дұрыс немесе зигоморфты (екі ерінді) . Күлтесі зигоморфты, 5- күлте жапырықшадан тұрады: олардың үшеуі бос орналасқан (желкенше,немесе жалауша, және екі ескекше, немесе қанатша) және жоғарғы жағынан біріккен екеуі қайықша түзеді. Кейбір туыстарында күлте жапырақшаларының бір-бірімен бірігіп кетуі тән. Мысалы: жоңышқа туысында, ескекшелері мен қайықшасының, кейде тіптен желеннің бірігіп кетуі байқалады. Андроцейі 10 аталықтың жиынтығынан тұрады. Бір түрлерінде аталықтарының оны да бос болады, екінші біреулерінде аталықтары жіпшелері арқылы бірігіп (бір ағайынды андроцей) тутік түзеді, оның ішінде аналық (пестик) орналасады, алайда көптеген туыстарының аталықтарының тоғызы жіпшелері арқылы түтікке бірігеді де, бір аталыгы бос орналасады ( екі ағайынды андроцей). Тек екі ағайынды аталығы бар гүлдер ғана шырынды заттар яғни нектарниктер бөліп шығарады. Аталықтардың бірігуіне пайда болған түтіктер бір жағдайда тігінен, ал екінші жағдайда қиғаш кесілген болады. Гинецейді бірмүшелі апокарпты, гүл түйіні жоғарғы. Көптеген түрлерінің гүлінің формуласы мынадай: Са (5) Co 3+(2) A (9)+1 G1.

Жемісі боб, ол не ішінде дәні көп екі жақтауы арқылы қақырайтын немесе ішінде бір біріне ғана дәндері болатын бөліктерге бөлінген, не бір жемісті қақырымайтын болып келеді. Дәндердің құрғақ салмағына шаққанда ондағы белоктың порценттік мөлшері өте жоғары: асбұршақта (горох-Pisum ) 34% дейін, ноқатта (нут- Cicer) 31%, люпинде (Lupinus) 61%-ке дейін болады. Тамаққа пайдаланатын белоктың сапасы бойынша бірінші орында фасоль (Phascolus) мен жасымық (чечевица) тұрады. Белоктардың құрамында адамдар мен малдарға аса қажетті аминокислоталар болады.



Сиыр жоңыршқа туысы (Vicia). 150-дей түрі бар, бұрынғы БОР-дың флорасында 84 түрі бар, ал Қазақстанда 25 түрі кездеседі. Олардың көпшілігі жем-шөп ретінде аса құнды және сапасы жоғары пішен немесе дән алу мақсатында мәдени жағдайға ендірілген. Кейбіреулeрі арам шөп ретінде егістікті бүлдіреді. Егістік сиыржоңыршқа пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Түкті сиыржоңыршқа біржылдық, сиректеу екіжылдық өсімдік, оны мал азығы ретінде күздік қара бидаймен бірге себеді.

Асбұршақ туысы (Pisum). Түрлерінің саны әлі кунге дейін толық дәлелденбеген. БОР дың флорасында 6-түрі келтірілген. Біржылдық және көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сабақтары жұмсақ, мұртшалары арқылы басқа өсімдіктерге жабысып көтеріліп тұрады. Негізгі өкілі егістік асбұршағы ( P. sativum). Біржылдық шөптесін өсімдік, егістік және кейбір жағдайларда бақшалық дақыл ретінде кең таралған. Бұл түрі дала абұршағына жақын, шамасы соңғы түр осы кездегі себіліп жүрген сорттарды шығарғанда алғашқы пайдаланған форма болса керек.

Беде туысы (Trifolium). Түрлерінің саны 300-дей БОР-дың флорасында 65-түрі, ал Қазақстанда 11 кездеседі. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездесетін, оның ішінде Солтүстік ендіктің қоңыржай және субтропикалық климатты елдерінде біршама кең таралған көпжылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер. Сабақтары негізінен тік сиректеу жерге төселіп өседі. Жапырағы үшқұлақ, сиректеу 5-9 жапырақшадан тұрады. Гүлдерінің түсі сары, қанық қызыл және ашық қызыл болып келеді. Күлте жапырақшалары түп жағынан біріккен болып келеді. Жемісі 1-3 дәнді қақырайтын боб, әдетте екі ерінді немесе қоңырау тәрізді тостағаншаға еніп тұрады.

Қызылбас беде (Tpratense). Биіктігі 30-50 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, мамыр айының екінші жартысынан күзге дейін гүлдейді. Гүлдерінің түсі қызыл, шоқпарбас шоғырға жиналған, бобтарынд біреуден ғана дәні болады. Мәдени жағдайда көп өсіріледі. Қызғылт беденің күлте жапырықшасының түсі солғын қызғылт болып келеді, оның негізінен рманды аудандарда көптеп себеді, жабайы қалпына ауысуы жиі байқалады.

Жоңыршқа туысы (Medigago). 100-дей түрі бар. Табиғи жағдайда жнр шарының екі ендігіне тропикалық аймақтарында, жер орта теңізі жағалауында, Европада, Кавказда, Орта Азияда кездеседі. БОР-дың флорасында 36-түрі кездеседі, олар негізінен Орта Азияда өседі, ал Қазақстанда 18-түрі бар. Көп жылдық және біржылдық шөптесін өсімдіктер, жапырақтары үшқұлақ болып келеді, сиректеу бұталар. Бобтары бірдәнді немесе аз дәнді, формасы бүйрек немесе орақ тәрізді.

Өкілдері сарбас жоңырышқа, кәдімгі жоңырышқа.



Фасоль туысы ( Phaseoius). Түрлерінің жалпы саны 200-дей. Табиғи жағдайда негізінен Азия мен Американың тропикалық аймақтарында өседі. Біржылдық шөптесін өсімдік сабақтары тігінен жайылып, көп жағдайда тіптен шырмалып өседі. Жапырақтары үш құлақ қүрдеді болып келеді. Күлте жапырақшалары сары, ақ, қызғыштау-сары, қоңыр қызыл және сия көк түсті болып келеді.

Соя туысы (Glycine). Туыстың құрамында 40-тай түрі бар. Табиғи ареалы аса кең, алайда негізінен Американың, Азияның және Австралияның тропикалық аймақтарын қамтиды. БОР-дың территориясында тек бір ғана Уссурий соясы деген түр өседі. Шаруашылықтағы маңызды жығынан ең қажеттісі түкті соя деп аталатын түрі. Ол биіктігі 30-50 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік жапырағы үшқұлақ, гүлдері жапырақтың қолтығынан шашақтанып шығып тұрады, бобтарының ішінде біреуден немесе аздан дәндері болады. Азияда кеңінен себілетіндігі сонша, оның егістік көлемі 10млн.га асады. Бір тонна дәннен 113 кг май және 725 кг майдан тазартылған ұн алынады. Дәнінің құрамында 36 %- дейін белок болады.

Люпин туысы (Lupinus). Туыста 400-дей түрі бар, олардың басым көпшілігі Оңтүстік Америкада кездеседі. Бұлар негізінен дәндері ұсақ болып келетін шөптесін өсімдіктер, жартылайбұталар, ішінде тіптен бұталарында болады. Солтүстік Американың батыс аудандарында біржылдық түрлері басым болып келеді. Түрлерінің көптігі жағынан екінші орынды алатын табиғи орталық болып жерорта теңізі жағалауы саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет