Бизнес және кәсіпкерлік негіздері


Кәсіпкерліктің үш түрі бар



бет13/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47
Кәсіпкерліктің үш түрі бар:
- жеке тұлғалар;
- серіктестік жолдастық;
- корпорация акционерлік қоғам.
Жеке кәсіпкерлік деп, бір адам ғана айналысатын бизнесті айтады. Оның жауапкершілігі шектелмеген және оның капиталы көп емес – жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері осында.
Оның артықшылықтары: әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өзгерісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бұл ұсақ дүкендерге, қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындарға, фирмаларға, сондай-ақ заңгерлердің, дәрігерлердің т.б. кәсіби қызметіне тән бизнестің кең тараған формасы.
Серіктестік деп – екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнесті атайды. Серіктестікке де табыс салығы салынады. Серіктестіктің артықшылығы сол, оны ұйымдастыру және қосымша қаражат пен жаңа ойлар тарту жеңіл. Кемшіліктер қатарына капиталдың жаңа салымдарын төмен ететін, дамып келе жатқан іс қаржы ресурстарының тапшылығын, фирма қызметін, мақсаттарын оның қатысушыларының бірдей түсінбеуін, әрқайсысының фирма табысында немесе зияндағы үлесін анықтау күрделілігін кіргізуге болады. Серіктестік формасында делдалдық кеңселер, аудиторлық кеңселер мен фирмаларды, қызмет аяларын т.б. кіргізуге болады.

Корпорация деп бір кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығын айтамыз. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөліктерге бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Корпорация табысынан корпорацияға салынатын салық ұсталады. Кәсіпкерліктің акционерлік формасы Қазақстанда жиі кездеседі.


Корпорация артықшылықтарына мыналар жатады:
Кәсіпкерлік экономикалық ойлардың ерекше түрі, көзқарас жиынтығы ретінде сипатталады және шешім қабылдайды, онытәжірибелік қызметте іске асырады.
Кәсіпкер болудың мәні біреудің істегенін істемеу дейді И.Шумпетер. Ескішілікті елестету, көріп білу, тұрақты қарсы тұру. Жаңаны табуға дайын болу және оның мүмкіншілігін пайдалану үшін тәуекелге баруға үйрену, қорқуды жеңу және игілікті ықпал ету болып жатқан жағдайға байланысты емес – бұл процесті кәсіпкер анықтау керек.
Кәсіпкер ой өрісі жағынан өте тайыз, себебі оның көзқарасы өте тар шеңберге негізделген
Кәсіпкердің дамуы капитализм кезінде жоғары сатыда болады.
Біздің отандық әдебиетте кәсіпкерлік шаруашылық өнерінің призмасы ретінде қарастырылады. Экономикалық және ұйымдастыру шығармашылығы ретінде еркін бастамашылық, новаторлық, тәуекелге бару табыс табу үшін тәукелге бару болып табылады. Бұл толық табиғи мүмкіншілік: басқарудың өзі мүмкіншілік өнері, өндірісті ұйымдастыру, нақты шаруашылық жүргізудегі жеке бейімділік, тапқырлық, ой жүйріктігі.
Кәсіпкердің қаралып отырған қызмет түрі материалдық, еңбек, қаржы ақпараттық ресурстарды пайдаланумен тығыз байланысты. Сондықтан да тәуекелділік бұл ресурстарды толықтай немесе кейбір бөліктерін жоғалту қаупі жөнінде болуы мүмкін. Бұдан басқа тәуекелдің апатты аймағы да болады. Мұндағы шығынның ең көп мөлшері кәсіпкер мүлкінің құнына тең келеді. Бұл жағдайда кәсіпорын қарызын төлеуге дәрмені болмай, күйрейді. Сондықтан да ол өзі төлеуге дәрмені жетпей, мүлкін сатып, кәсіпорынды жабуға мәжбүр болады, оны кәсіпкерліктің формалары мен ерікті экономикалық түрлерінен көруге болады.
Бақылау сұрақтары:

  • Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің тарихын сипаттаңыз.

– экономикадағы кәсіпкерліктің мағынасы неде?
– микроэкономика мен макроэкономика арасында қандай айырмашылық бар?

  • Өндірістік кәсіпкерліктің мағынасы неде?

  • Коммерциялық кәсіпкерліктің мағынасы неде?

  • Қаржылық кәсіпкерліктің мағынасы неде?

  • Делдалдық кәсіпкерліктің мағынасы неде?

  • Сақтандыру кәсіпкерліктің мағынасы неде?

  • Жеке кәсіпкерліктің мағынасы неде?

  • Серіктестік дегенді қалай түсінесіз?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет