Бизнес және кәсіпкерлік негіздері



бет17/47
Дата29.12.2022
өлшемі5,81 Mb.
#60147
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Франчайзинг. Сіз дайын тұжырымдаманы сатып алатын болсаңыз, өзіңізді кәсіпорын ашу кезінде әдетте туындайтын көптеген мәселелер мен тәуекелдерден арашалай аласыз. Бұл жүйе франчайзинг деп аталады және бүгінгі күні көптеген салаларда қолданылады. Coca-Cola и McDonald ̳s сияқты әйгілі фирмалар өздерінің табыстарын сатудың осы әдісімен байланыстырады. Франчайзингті пайдалану кезінде франчайзер айрықша құқықтар кешенінің құқық иегері франшизы, лицензии)) франчайзды франчайзердің айрықша құқықтар кешені құқық пайдаланушысы) –атауды, марканы, ноу-хау, маркетинг кешенін сатады. Франшизаны сатып алушы кәсіпорын төлем үшін франчайзердің тауарлары мен қызметтерін сату құқығына ие болады, франчайзер аталған өңірде бірде-бір франчайзи мұндай кәсіпорын ашпайтынына кепілдік береді. Франчайзер нарықты зерттеу немесе калькуляциялауға көмек сияқты маңызды алғышарттарды енгізеді және кәсіпорынның жұмысы барысында іскерлік көмек, консультациялар, жарнама мен білім ұсынады.Франчайзингтік қатынастар төмендегіні көздейді:Франчайзерге франчайзи бизнесін құруға көмекке жұмсалатын оның шығындарын өтеуге кететін бастапқы салым төлеу. Әдетте бұл бизнеске салынатын жалпы қаражаттың 10% құрайды.Франчайзинг шартының әрекеті кезеңінде қолдау үшін франчайзерге кезеңдік төлемдер төлеу. Бұл төлемдер роялти деп аталады. Әдетте роялти сомасы франчайзи кірісінің 3-6% құрайды.
Франчайзингті енгізудегі мақсат:Өткізудідамыту. Бұл тәуелсіз кәсіпкерлер мен олардың қаражаттарының көмегімен жаңа аумақтарға шығу болуы мүмкін.Франшизалар, оның ішінде тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді ұсынудан кіріс алуТауар белгісін ілгерілету Филиал ашумен салыстырғанда франшиза ұсынудың артықшылығы:Бизнесті кеңейтудің жылдамдығыБасқа кәсіпкерлердің қаражатын пайдалану кезінде бизнесті кеңейту Франчайздер жеке бизнесті дамытады, сондықтан жалдамалы басқарушыларға қарағандатабанды жұмыс істейді Франчайздер жергілікті нарықты біледі және жергілікті әкімшіліктің қолдауына ие бола алады.
Франшиза ұсынудың кемшіліктері:Франчайзердің филиалдан ерекшелігі барлық пайданы ала алмайды Франчайзиді бақылау қиын, сондықтан франчайзердің тауар белгісімен тұтынушыға ұсынылатынтауарлар мен қызметтердің сапасының сәйкес болмауы тәуекелі бар
франчайзер франчайзидің адал емес әрекеттерінен өз бизнесінің ноу-хау жоғалтуы мүмкін өндірістің, өнертапқыштың құпиясы) Бұл тәуекелдердің барлығын франчайзи таңдауда және франчайзинг шартын жасауда ескеру қажет.Франчайзингтің негізгі сәттері:Бірегей саудалық ұсыныс. Франчайзинг саласында жетістікке жету үшін бизнестің өзіндік ноу-хау болуы тиіс. Сонымен қатар, бизнесті тұрақты дамыту қажет. Тауар белгісі немесе басқа зияткерлік меншік тіркелген болуы тиіс. Бұл сіздің зияткерлік меншігіңізді, демек бизнесіңізді қорғаудың сенімді жолдарының бірі.Бизнесті жүргізудің сәтті технологиясы. Идеяны франшиза ретінде сатуға болмайды. Адамдар сіздің бизнесіңіздің сәттілігін көруі тиіс.Компанияны дамытудың және тауар белгісінің тарихы. Сіздің компанияның даму тарихы неғұрлым ұзақ болған сайын Сіздің франшиза да тартымды болады.Бизнестің сипаты. Бизнесті жүргізудің тек сипатталған технологиясы франчайзиге берілуі мүмкін. Бұл франчайзидің франчайзер қағидаларын орындауын бақылауға көмектеседі.Франчайзи бизнесінің жеткілікті маржасы. Әрине, егер болашақ франчайзи табыс табу мүмкіндігін көретін болса франшиза тартымды болмақ.Дайын франчайзингтік пакет. Бұл франчайзинг шарты, сауда белгісінің сипаты, франчайзиге арналған қағидалар, франчайзиді қолдау тәсілдеріжәне т.б.Франчайзи мен оның қызметкерлерінің франчайзингті іске қосуға дайындығы. Франчайзердің компаниясында франчайзинг жүйесін енгізетін және басқаратын дайындалған қызметкерлер болуы тиіс.

Ұсынымдар:Пайда табудың айрықша мүмкіндіктерімен алдауға жол бермеңіз, одан да серіктесті таңдауда мұқият болыңыз; Пилоттық кәсіпорындар туралы ақпарат алыңыз;Франчайзер туралы ақпарат жинаңыз;Сіздің консультантыңызға, қорғаушыңызға немесе салық жөніндегі маманыңызға шартты және тиімділік болжамын тексеруге мүмкіндікберіңіз;Барлық шығындарды алып тастағанда не қалатынын «Үшкір ұшталған қарындашпен» есептеңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет