Бизнес-ойлау психологиясы



бет72/188
Дата24.07.2022
өлшемі4,9 Mb.
#37886
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   188
Байланысты:
МУ Основы пред-ва 03102019 каз

Әлеуметтік желіні таңдау;

  • Тауарлар мен қызметтерді алға жылжыту әдістері

  • "Сатушы" посттарды қалай жазуға болады?

  • Негативпен жұмыс істеу;

  • Таргетингтік жарнама;

  • Медиа-жоспар;

  • Посттардың мерзімділігі.


    1. SMM МАРКЕТИНГ ДЕГЕНІМІЗ НЕ ЖӘНЕ ОЛ НЕ ҮШІН ҚАЖЕТ?

    • Өткен сабақта біз Интернет-маркетинг және оның ерекшеліктері туралы айттық. Бүгін біз Интернет-маркетинг түрлерінің бірін, атап айтқанда – SMM егжей-тегжейлі талдаймыз.

    • SMM-бұл Social Media Marketing ("Әлеуметтік желілердегі маркетинг") ағылшынша сөз тіркесінің аббревиатурасы.

    • Statista аналитикалық агенттігінің хабарлауынша 2018 жылы Facebook аудиториясы 2 млрд астам пайдаланушыны, YouTube - 1,5 млрд, WhatsApp-1,3 млрд, ал Instagram-700 млн-нан астам пайдаланушыны құрады. Яғни жердің әрбір үшінші тұрғыны Facebook-те тіркелген! Адамдар әлеуметтік желіні неге және не үшін қолданады деген мәселені ашық қалдырайық та, оның бизнес үшін қандай мүмкіндіктер беретіні жағынан қарастырайық.

    • Сонымен, жердің әрбір үшінші тұрғыны Facebook-ке кіріп, онда біраз уақыт өткізеді. Демек, бизнес парақшасы клиенттерді қызықтырған жағдайда, өз клиенттеріне әлеуметтік желі арқылы шығуға мүмкіндік алады. SMM дұрыс стратегиясы бизнес үшін маңызды мынадай мәселелерді шеше алады:

    • сату деңгейін арттыру;

    • компанияның және оның өнімінің танымалдығын арттыру;

    • компанияның қызметтеріне / өнімдеріне мақсатты аудиторияның ниеттестігін арттыру;

    • компаниялардың сайтына кіруді ұлғайту (әсіресе интернет-дүкендер үшін өзекті).

    • Және де осының бәрі күрделі қаржылық салымсыз, үлкен қызметкерлер штатынсыз, арнайы кеңсесіз және т. б.! Кез келген адам SMM-ші бола алады, ол үшін тек компьютер және аудиториямен өзара іс-қимылдың кейбір тетіктерін түсінсем деген ниет керек.



    • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   188




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет