Бөж орындаған: Сейсен Еркем Топ: жхм – 211 Қабылдаған: Құлахметов Болат Түркістан – 2023 Жоспар Кіріспе Негізгі ой



бет3/6
Дата15.11.2023
өлшемі81,78 Kb.
#123580
1   2   3   4   5   6
3.Климаты
Климаты Гольфстримнің күшті жылылық әсеріне ұшыраған қоңыржай. Елдің солтүстік аудандарындағы климат неғұрлым қаталдау. Орталық және оңтүстік аудандарындағы климат теңіздіктен континенттікке ауыспалы. Оңтүстігінде қаңтардағы орташа темпетурасы 0 — 5°С, солтүстігінде –6 — 14°С болады. Жазы салқындау, оңтүстігінде шілденің орташа темпетурасы 15 — 17°С, солтүстігінде 10 — 11°С шамасында. Бүкіл Швеция аумағындағы қыс ұзаққа созылып, жазы қысқа болады. Елдің барлық аумағына қар түседі, алайда қар жамылғысы Сконеде бар-жоғы 47 күн, ал Коресуандода 170 — 190 күн бойы сақталады. Таулардағы жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 — 1700 мм-ді, елдің оңтүстігіндегі жазықтарда 700 — 800 мм-ді, солтүстік-шығыста 300 — 600 мм-ді құрайды. Швецияда қысқа, қар, жаңбыр суларымен толығатын өзендер көп. Өзендерінің көпшілігі шығысқа қарай ағып, Ботния шығанағы мен Балтық теңізіне құяды. Олар электр қуатын өндіруге кеңінен пайдаланылады, Швецияда аумағы 1 км2-ден асатын 4 мыңнан аса көл бар. Неғұрлым ірі көлдері: Веттерн, Ельмарен, Меларен, т.б. Норландтағы көптеген көлдер тектоникалық ойыстарда орналасқан.
4.Тарихы
Швеция аумағында алғашқы адамдар б.з.б. 8 — 9-мыңжылдықта пайда болған. Шамамен б.з.б. 3-мыңжылдықта бұрын аңшылық және балық аулаумен айналысқан халық мал және егін шаруашылығына көшті. Б.з.б. 2-мыңжылдықта құрлықтық Еуропадан Швеция аумағына үнді-еуропалық тіл тобындағы мал өсіретін тайпалар баса-көктеп кіріп, жергілікті тұрғындарды бағындырды. Б.з. бас кезінде онда солтүстік герман тайпалары (Тацит пен басқа да антикалық авторлардың мәліметі бойынша — свиондар, гауттар өмір сүрді. Олар әскери көсем - конунгтің билігіне бағынып, Риммен және оның герман провинцияларымен, 5 ғасырдан бастап франктермен, фриздермен, славяндармен, Балтық бойындағы халықтармен сауда-саттық жүргізді. 8 — 11 ғасырларда швед викингтері сауда жүргізу мен тонау мақсатында көршілес аймақтар мен Руське, Византияға, Волга бұлғарлары мен хазарларға, Араб халифатына жорықтар жасап тұрды. Алғашқы сауда орталықтары салына бастады. 11 ғасырлардың бас кезінде елге христиан діні енді. Осы кезде свейлер корольдігі құрылып, швед халқы қалыптаса бастады. Шведтердің 1240 ж. Нева шайқасында А.Невский басқарған орыс және түркі-моңғолдардың біріккен әскерінен жеңілуі олардың шығысқа қарай жылжуын тоқтатты. 1250 — 1363 ж. елде Фолькунгтер әулеті орталықтандырылған мемлекет құрды. Олар көп ұзамай Финляндияны бағындырды. 1397 жылы Кальмар униясы бойынша Швеция, Дания мен Норвегия бір монарх — Дания королінің қол астына бірікті. 1471 ж. Швеция Даниядан ішкі автономияны жеңіп алды. Дания үстемдігіне қарсы көтерілістің басшысы Густав Эриксон 1523 жылы. Швеция королі болып сайланды. 1610 — 12 ж. швед әскерлері Ресейге жасалған поляк интервенциясына қатысты. 17 ғасырда Швеция Еуропадағы аса қуатты мемлекеттердің біріне айналып, өз иеліктерін кеңейтті. Лифляндия, Солтүстік Германия жерлері қосылып алынып, даттар Скандинавия түбегінен қуылды. Бірақ 1700 — 1721 жылы Ресеймен болған Солтүстік соғыстың нәтижесінде Балтық жағалауындағы, Карелиядағы жерлерінен айрылып, ірі теңіз державасы болудан қалды. 18 ғасырлардың ортасында Финляндияның оңтүстік-шығыс бөлігі Ресейге кетіп, 1808 — 1809 жылы орыс-швед соғысынан кейін бүкіл Финляндиядан айрылуға мәжбүр болды. 1814 жылы Киль келісімі бойынша Швецияның құрамына Норвегия енді. 1834 жылы Швецияның тұрақты қарулы бейтараптығы жөніндегі декларация қабылданды. 1905 жылы Норвегиямен жасалған уния бейбіт жолмен бұзылып, Норвегия өз дербестігіне ие болды. 1-дүниежүзілік соғыста Швеция бейтараптығын сақтады. 2-дүниежүзілік соғыс кезінде Швеция бейтараптығын сақтағанымен неміс әскерлеріне өз аумағы арқылы өтуге мүмкіндік берді. Соғыстан кейін 1948 жылы “Маршалл жоспарына” қосылып, АҚШ-тан қаржылай көмек алды. Дегенмен, НАТО құрылғанда Швеция өзінің әскери одақтарға қатыспау саясатын жариялады. Швецияның қазіргі мемлекеттік құрылысы 1974 жылғы конституциямен айқындалған. 1982 жылдан бері Швециядағы үкімет билігін социал-демократтар өз қолдарында ұстап келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет