140
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
мына
ф, х әріптерін енгізу туралы ұсынысын
айтуға болады. Профессор Ө.Айтбаев “Термин
және оның дәуірлік сипаты” атты еңбегіңде тер-
миндік сипат ала бастаған сөздердің күнделікті
қолданыстағы болмысын ғылыми таразыға са-
луға мүмкіндік жасалғанын айта келіп, баспасөз
материалдарын, публицистикалық әдебиетті,
ғылыми-зерттеу жұмыстарын, түрлі оқулықтар
мен оқу құралдарын үнемі қадағалап қарасты-
рып, жаңа қолданыстарды терминком талқысы-
на салып отыруды дәстүрге айналдыру қажетті-
гіне тоқталады.
Профессор Н.А.Баскаков термин жасауда
негізге алатын басты-басты бес принциптерді
ұсынады: 1) аударма, 2) калька арқылы, 3) си-
паттама аударма, 4) күрделі сөз, 5) қосымшалар
арқылы [Баскаков Н.А. 1961, -с. 5-71].Зерттеу
жүргізіліп отырған мектепке арналған текс-
тердің терминдеріне талдау жасау кезінде біз
де осы принциптерге сүйенеміз. Мектепке ар-
налған текстернде терминдердің қолданылуын
реттеу үшін бізге мынадай міндеттерді орындау
қажет:
1. Терминдер мен олардың беретін ұғымда-
рын оқыту тәжірибесімен
ұштастыра зерттеу;
2. Қазақ тіліндегі жекелеген терминдер мен
олардың ұғымдарының пайда болу көздерін
анықтау;
3.Терминдердің статистикалық және салыс-
тырмалы түрдегі сипаттамаларына сүйеніп, жа-
салған ұсыныс,пікірлердің дұрыстығын тексеру.
Терминдер мен олардың ұғым-түсініктерін
және іс-жүзінде практикада қолданылуын қа-
растыра отырып, біз бұл салаға қатысты бар-
лық мәселелерді түгелдей қарастыруды мақсат
тұтпақ емеспіз. Біздің мақсатымыз – мектепке
арналған мәтіндердегі кейбір терминдердің
қолданылуына статистикалық талдау жасау ар-
қылы оларды дұрыс қолдану принциптерін же-
тілдірудің жолдарын ұсыну. Өзіндік бағыт-бағ-
дары, зерттеу нысанасы бар әр ғылым саласы-
ның белгілі бір ұғымдар жүйесі, зерттеу нысаны
болатыны мәлім.Ғылым тереңдеп, салмақтан-
ған сайын, оның терминдері де байып, сарала-
на түспек. Әр ғылым саласындағы терминдер-
ді жіктеп, бір арнаға салудың және сөздіктер
құрастырудың практикалық мәні де зор. Қазақ
тілінің ғылыми термин жағынан толығуының
көптеген жолдары бар.
Солардың бірі – түркі халықтарының сөздік
қорын пайдалану. Бұл көне түркі сөздерінен
бастап казіргі тілдерді қамтиды. Ал түркі тілде-
рін ең алғаш рет классификация жасаған ғалым
– М.Қашғари. Ол түркі тілдерін таза және аралас
тілдер деп екіге бөледі: “Таза, басқа тілдердің
ықпалына түспеген, тек түркі тілдерінде сөй-
лейтін тілдер қатарына М.Қашғари яғма, тухси,
қырғыз, қыпшақ, оғыз, шігіл, ығрақ, парук тай-
паларын және бұларға жақындау иамақ, баш-
күрт, бұлғар, печенек, сувар тілдерін жатқызса,
басқа тілдермен қарым-қатынасқа түсіп (соғды,
қатай -тибет тілдерімен) бұзылған тілдер қата-
рына сұғдақ, қанжақ, арғу, худан, таңғұт, тибет
және ябаку, татар, басмық тайпаларының тілін
енгізеді” [Қайдаров Ә., Оразов М. 1992, 117-134
6]. Міне, осы түркі тілдерінің даму сатысында
бір жағынан, көпшілік түркі тілдеріне негіздел-
ген жалпыға ортақ әдеби тілмен бірге (“Құдатғу
білік”, “Хибат-ул хакайк”), ислам дінінің ықпалы-
мен араб-парсы әлементтері көптеп ене бастап,
екіншіжағынан оғыздар, қыпшақтар, қарлұқтар
арасы алшақтай түсіп, өзіндік тілдік ерекшелік-
тері айқын көріне бастайды.
Қазіргі ұлттық тілдердің лексикалық құрамы
мен фонетикалық, грамматикалық жағындағы
өзгерістердің болуы жоғарыда айтылған түркі
тілдерінің негізін құраған ру-тайпалардың ал-
шақтай түсіп, жеке-жеке ұлт тілдерінің қалып-
тасуына негіз жасауында. Жаңа қоғамдық фор-
мация, мәдени-экономикалық қарым-қатынас-
тар жаңа ұғымдарды дүниеге келтірді. Кезінде
олардың көбісінің қай тілде болмасын атауы
жоқ сөздер болатын. Міне, осындай өміршең
талаптан туған зәрулікті қанағаттандырудың екі
түрлі жолы бар. Оның бірі — әр тілдің өз ішкі
заңдылықтарына сүйене отырып жаңа сөздер
жасау да, екіншісі – басқа тілдерден әзір тұр-
ған сөздерді қабылдау немесе сөзбе-сөз (каль-
ка арқылы) аударып алу. Бұл сөз еткелі отырған
БСО лексикасындағы терминдер осы екеуінің
соңғысына көбірек келіңкірейді. Енді тілімізде
қолданылып жүрген осы терминдердің кейбірі-
не тоқталайық:
1.
Сөз (слово) – азербайжанша
соз, өзбекше
суз, түрікше
соз, қырғызша
соз, татарша
суз, ұй-
ғырша
соз, түрікменше
соз, башқұртша
һуз.
2.Мағына (значение) – азербайжанша
мана,
өзбекше
мано, түрікше
анлам, қырғызша
ман,
татарша
мана, ұйғырша
мана, түрікменше
ман,
башқұртша
мағана.
3.
Сөздік (словарь) – азербайжанша
лұғат,
өзбекше
сузлик, түрікше
созлик, қырғызша
соз-
лик, татарша
сузлик, ұйғырша
лұғат, түрікмен-
ше
созлик, башқұртша
һузлик т.б.
Достарыңызбен бөлісу: