Болат мырзалиев



Pdf көрінісі
бет205/395
Дата06.01.2022
өлшемі14,41 Mb.
#13769
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   395
Байланысты:
Наука и жизнь Казахстана 4 6 2020

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Тіліміздегі ерекшеліктерді жеке-жеке топтас-
тырсақ, мына мәселелердің әлі күнге өз шешімін 
таба қоймағаңдығын көреміз:
1) БСО дублет сөздердің қолданылуы;
2) Кірме сөздердің қолданылуы;
3)  Лингвистикалық  терминдердің  қолданы-
луы;
4) Үндестік заңының бұзылуы.
Халықтың тіл қазынасын меңгеру, тілді байы-
тып, ұстарта білу— үлкен өнер. Ал тіл мәдение-
тінің мәртебесін айқындайтын көрсеткіштің бірі 
— жазудағы бірізділік. Осы талаптар тұрғысынан 
алғанда, халықты тіл мәдениетіне үйрететін бас-
пасөзге,  ғылыми-көпшілік  әдебиет  пен  оқулық-
тарға  аса  маңызды  міндеттер  жүктеледі.  Қазір-
гі қазақ тілін нормаландыру үрдісі әдеби тілдің 
жергілікті тіл ерекшеліктерімен толығып жаткан 
халықтың сөйлеу тіліне кеңінен ықпал етуі бағы-
тында жүргізіледі [Кеңесбаев С.К. Ыскаков А.Ы., 
Мусабаев  Г.Г.,  Сыздыкова  Р.Г.  1964,-  с.171-186.б]. 
Демек,  сөз  қолданыстарды  нормаға  сай  реттеу 
— бұл тіл фактілерін белгілі бір жүйеге, ғылыми-
практикалық жағынан бірізділікке әкелу, қажетті 
материал ретінде ойды білдірудің ең тиімді фор-
маларын қалыптастыру болып табылады. Бұл зә-
рулікті шешудің дублет сөздердің әдеби тіл нор-
масына сай тек біреуін ғана қолдануды нақтылы 
шешу  және  үлгі  ретінде  ұсынумен  байланысты 
біздің зерттеу жұмысымызға да қатысы бар.
Ә.Ахабаевтың айтуы бойынша, дублет сөздер 
формаларының қайсысы негізгі, нормаға лайық 
деген мәселені анықтау өте қиын, өйткені ісжү-
зінде,  практикада  қолданылуы  бірдей  дәреже-
дегі  сөздердің  варианттары  кездеседі  де,  тілдік 
норма ретінде олардың қай вариантын қолдану 
керектігінанықтауға қажетті бақылау критерийін 
табу қиын[Ахабаев Ә.1971, -23 б.]. 50 ж. мектепке 
арналған текстердегі дублет сөздердің статисти-
калық  сипаттамасын  анықтау  барысында  бізге 
де бұл проблемакездесті. Бұл мәселені шешуде 
әдеби  шығармашылық  жұмыстардың  озықүлгі-
лерін кеңінен тарату ерекше маңызға ие, өйткені 
жазушылық  шеберлік,  жазушылар  мен  публи-
цистердің тілі халықтың ғасырлар бойы жасаған 


139
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
 ҒЫЛЫМЫ
 МЕН
 Ө
М
ІР
І •
 НАУКА
 И
 ЖИЗНЬ
 КАЗАХСТАНА
 • 
SCIENCE
 AND
 LIFE
 OF
 KA
ZAKHST
AN
тілдік үлгілерінің сақтаушысы ғана емес, сонымен 
қатар оның таратушысы да. Уақыт өте, көптеген 
сөздер өздерінің семантикалық бояуын әлсірет-
се, ал енді біреулері жаңа мағынаға ие болады. 
Бұл біз қарастырып отырған мектепке арналған 
текстерне де тән. 50 жылдардың баспасөз оқу-
лықтарындағы айрықша назар аударарлық нәр-
се -ауызша және жазба тіліміздегі дублет сөздер, 
олардың  фонетикалық,  лексикалық  және  грам-
матикалық  варианттары.  Бұл  варианттардың 
біреуін ғана әдеби тіл нормасы ретінде таңдап, 
қабылдауымыз  қажет.  Әсіресе  орфографиялық 
сөздіктер  арқылы  мұны  реттеуге  болады.  Көп-
теген сөздер осы күнге дейін әдеби тілден берік 
орын ала алмай жүрсе, бірқатар сөздер екі-үш 
вариантта айтылып, солай жазылып жүр. Бұлар-
дың ішінде екіүштылары да жоқ емес. Мысалы, 
аталмыш оқулықтарда кездесетін жиылыс — жи-
налыс, әтеш — қораз, сұрау — сұрақ сөздерінің 
қай сыңары да әдебиетімізде жиі қолданылады.
Профессор М.Балақаев тіл мәдениетінің ма-
ңызын айқындай келе, “тілдің икемділік қасиетін 
жойып,  сірідей  сірестіріп  қоюды  көздемейміз, 
тілдің  икемділік  қасиетін  арттыруды  көздейміз. 
Тіл  материалдары  сұрыпталып,  бүкіл  халықка 
түсінікті әрі ұтымды, дәл, анық ету арқылы ғана 
тілдің  икемділігін  арттыруға  болады”  деген  бо-
латын [Балақаев М. 1965, -48-50 б.]. Ал филоло-
гия  ғылымының  докторы  С.Мырзабектің  айтуы 
бойынша “тіл мәдениеті сөздердің жазылуында 
бірізділіктің  болуын  қалайды.  Мақсат  арнайы 
сөздіктерді  басшылықка  алғанда  ғана  орында-
лады. Әзірше жазуда бірізділік жетпей жатса, ол 
—  сөздікке  атүсті  қараудың  нәтижесі”  [.Мырза-
беков С. 1991, -39 б.].
Дублет  сөздердің  үлгі  ретінде  бірін  ұсыну 
үшін біз бағалау нормасының бірі ретінде олар-
дың статистикалық сипаттамасын есепке алдық. 
Зерттеулер  көрсеткендей,  жиілік  сипаттамасы 
— сөздердің өзімен дублет болатын сыңарымен 
салыстырғаңдағы  фонетикалық,  морфология-
лық  және  лексикалық  жағынан  басымдығының 
көрсеткіші  болып  табылады.  Дублет  сөздер-
дің бірін таңдауда олардың жиілік сипаттамасы 
“критерий  болу  керек”  деген  ойдан  аулақпыз. 
Біздің пікіріміз – «мұндай сөздердің бірін таңдау-
да олардың жиілік сипаттамасы ескерілсе» деген 
Ә.Ахабаевтың  ұсынысын  қолдау  екенін  айтқы-
мыз  келеді.  Профессор  М.Балақаев  айтқандай 
“сауатты  деп  есептелетін  әдеби  тілде  сұлулық 
пен ой терендігі, суреттеудің дәлме-дәлдігі, ше-
шендік  өнер,  бейнелі  әрі  айшықты  сөз  қолда-
ныстар  мен  жоғары  мәдениеттілік  болу  қажет” 
[Балақаев М. 1989,-6 б]. Дублет сөздердің бірін 
әдеби тіл нормасы ретінде ұсыну мақсатында біз 
оқулық  мәтіндері  материалдарына  статистика-
лық  талдау  жүргіздік.  Сөздерді  сұрыптау  және 
оларды  оқытудың  өлшемдік  бірлігі  өзара  бай-
ланыста болғандықтан, дублет сөздердің белгілі 
бір  вариантын  сұрыптап  таңдап  алу  бастауыш 
сыныпоқушыларын оқыту барысында сөздердің 
фонетикалық, лексикалық және грамматикалық 
ерекшеліктерін талдау және жинақтаудың нәти-
жесінде іске асырылды. 
Жоғарыда  айтылған  дублет  сөздерді  пайда-
лану — оларды орфография ережесіне ендіруде, 
әдеби тілімізде қолдануда да қиындық келтіре-
ді.  Мысалы,  топталып  —  топтанып,  үлгер-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   395




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет