47
ҚАЗА
ҚСТАННЫ
Ң
ҒЫЛЫМЫ
МЕН
Ө
М
ІР
І •
НАУКА
И
ЖИЗНЬ
КАЗАХСТАНА
•
SCIENCE
AND
LIFE
OF
KA
ZAKHST
AN
Сондықтан мұғалімнің өз бетінше білім алуы
қоғамның білім беруге қатысты әлеуметтік тап-
сырысы және оның тұлғалық-кәсіби өсуінің
факторы болып табылады. Заманауи қоғамның
ғылыми және әлеуметтік үдерісі маманның өз
бетінше білім алуына да тәуелді екені айқындала
түсуде.
Сонымен бірге, педагогикалық мамандардың
өз бетінше білім алуы мәселесін зерттеу ғылыми
әдебиеттерде және практикада зерттеу көпте-
ген мұғалімдерде өз бетінше білім алуға деген
қажеттілік деңгейінің төмендігі тән екенін, олар
оң тәжірибені игеруге, өз жұмысының тиімділігін
бағалауға қиналатынын көрсетеді. Мұғалімдер
арасында олардың өз бетінше білім алуы – бұл
шығармашылыққа, өзін-өзі көрсетуге, педагоги-
калық қызметтің бірегей дербес-шығармашы-
лық стилінің қалыптасуына апаратын жол екенін
дұрыс бағаламайтындар кездеседі.
Істің мұндай жағдайы болашақ мұғалімдер-
де тұрақты түрде өз бетінше кәсіби білім алуға
деген қажеттіліктерін қалыптастыруға жеткілікті
дәрежеде бағдарланбаған қазіргі күнгі мұғалім-
дерді даярлау жүйесі мен шынайы мәнінде өзін
және өздерінің оқушыларын «жасауға», тұрақты
түрде шығармашылық өз бетінше білім алу жұ-
мысына деген қажеттілігінің негіздері қарасты-
рылған мұғалім мамандығының ерекшеліктері
арасындағы қарама-қайшылықпен түсіндіріледі
[Арымбаева К.М., 2019].
Достарыңызбен бөлісу: