«ДАҒдарысқА Қарсы басқару» пәні бойынша дәрістік кешен


Дәріс №5. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы



Pdf көрінісі
бет10/60
Дата04.01.2023
өлшемі1,59 Mb.
#60408
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Дәріс №5. Дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы 
1. Мемлекеттің дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы 
2. Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару стратегиясын талдау 
1. Мемлекеттің дағдарысқа қарсы басқару стратегиясы 
Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы 
бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, 
шағын және орта бизнес, агроӛнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық 
даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше 
кӛңіл аударды: отандық ӛнім ӛндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға 
мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін 
шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың ӛсуіне және жұмыс 
орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын 
ӛндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне; 
үлестік құрылыс проблемасын шешу жӛніндегі жұмысты күшейтуіне; шағын 
және орта кәсіпкерлікке тексеріс жасауға жарияланған мораторийға 
қарамастан, ағымдағы жағдайда бюджеттің кіріс бӛлігін орындауына; 
Республикалық және жергілікті бюджеттердің мейлінше үнемделуіне. 
Осынау сындарлы кезеңде әлемде санаулы мемлекеттердің ғана ӛз 
экономикасын қолдауға қаржылық мүмкіндігі бар. Солардың бірі – біздің 
мемлекетіміз екені бәріміз үшін үлкен мәртебе. Нақты айтар болсақ, сан-
салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 
триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Тұрғын үй 
құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 
миллиард теңге жұмсалады, шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 
миллиард теңге кӛлемінде қолдау жасалады. Агроӛнеркәсіптік кешенді 
дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 
120 миллиард теңге бӛлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 
миллиард теңге бӛлінді. Оның үстіне Үкімет әлеуметтік тӛлемдерді және 
бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жӛніндегі 
мемлекеттің барлық міндеттемелерін толық кӛлемінде сақтап отыр. Бұрын 
жоспарланғандай, 2010 жылы бюджеттегілердің жалақысы, зейнеткерлердің 
зейнетақысы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатын 
болады. Сонымен қатар ел экономикасын әтараптандыруға 600 миллиард 
теңге бӛлінді. Тұрғын үй құрылысы мен үлескерлер проблемаларын шешуге, 
шағын және орта бизнеске қолдау кӛрсетіледі. Салық азаяды. Жаңа жұмыс 
орындары ашылады. 
Елбасы Қазақстан халқына арнаған ―Дағдарыс арқылы жаңару мен 
дамуға‖ атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, 
энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокӛлік жолдарын 
реконструкциялау мен жӛндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен 
мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді 


21 
абаттандыру және кӛгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс 
орындарын 
кеңейту 
мен 
жастар 
тәжірибесін 
ұйымдастыру, 
қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында 
болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік 
қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген. 
Солардың бірі ӛңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау 
стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, 
мемлекет әлемдік дағдарысқа, біз басымыздан ӛткеріп жатқан кезеңнің 
қиындықтарына 
қарамастан, 
ӛмірлік 
маңызы 
зор 
әлеуметтік 
бағдарламаларды қаржыландыру мен қолданыстағы перспективалық 
инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыра береді. Ең 
алдымен ―Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ‖ магистральдік газ құбырын салу, ―Батыс 
Еуропа-Батыс Қытай‖ автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру, 
Атыраудағы мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру және т.б. жұмыстар 
әрі қарай шешімін таба береді. Cондай-ақ, ―Еуропаға жол‖ бағдарламасы 
негізінде саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы 
еліміздің Еуропа мемлекеттерімен қатынастарын стратегиялық әріптестік 
деңгейіне кӛтеру күн тәртібіндегі іс. Ал алдағы 2010 жылы Қазақстанның 
ЕҚЫҰ-ға тӛрағалық етудегі басымдықтары мен міндеттері – гуманитарлық, 
экономика-экологиялық және әскери-саяси қызметін дамыту жӛніндегі 
белсенді жұмыстарын жалғастыруға мемлекетіміз ниетті. 
Ӛткен жылы әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасының 
даму кӛрсеткіштеріне тигізген әсеріне қарамастан, жалпылай алғанда, 
экономикалық ӛсуді тұрақтандыру бойынша жоспарланған жұмыстардың 
бәрі тиісті деңгейде атқарылды. Сондай-ақ, ол биылғы жылы да Үкіметтің 
жүктеген міндеттеріне сәйкес, алға қойылған жұмыстардың бәрі 
жоспарланған кесте бойынша ӛз деңгейінде жүзеге асатынын кәміл сенеміз. 
Былтырғы жылы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан 
экономикасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Яғни, 
еліміз 
экономикалық 
ӛсу 
деңгейін 
сақтап 
қалу 
мақсатында 
макроэкономикалық болжамдар жасау, инфляциямен күрес, серпінді 
жобаларды іске асыру мен басқа да шараларды жүзеге асырумен айналысты. 
Жыл басында инфляцияға қарсы саясат, еліміздің даму деңгейін 
тұрақтандыруды қамтамасыз ету жӛнінде салааралық үйлестіру шаралары 
жасалынып, 2009-2013 жылдарға арналған макроэкономикалық болжам 
жасау жӛнінде құжат қабылданды. Сонымен бірге, 2008-2009 жылдарға 
арналған инфляциялық үдерістерді реттеу жӛнінде іс-шаралар жоспары 
бекітіліп, жыл соңына қарай 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы 
тұрақтандыру жӛнінде бірлескен шаралар жоспары қабылданды. Елімізде 
тұңғыш рет бүкіл дүние жүзіндегі саяси-экономикалық үдерістерді бақылауға 
арналған жедел мониторинг жүйесі енгізілді. Бұдан басқа жасалған тағы бір 
жұмыс, ―Қазақстанның 30 корпоративтік кӛшбасшысы‖ бағдарламасы мен 45 
серпінді жобаларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізіліп, ол тиісті 
нәтижесін берді. Осының нәтижесінде қазір еліміздің әр шалғайында 


22 
аталмыш бағдарламаның іске асырылу барысы жӛнінде мәліметтермен он-
лайн режімінде танысу мүмкіндігіне ие болдық. 
Былтыр елімізде концессия институтын дамыту ісі қолға алынып, 
осыған қатысты қабылданған заңдық актілерге ӛзгерістер мен толықтырулар 
енгізу жӛнінде жұмыс атқарылды. Сонымен бірге, 2008 жылы басталған 
басты жұмыс деп жаңа Салық кодексі мен Бюджеттік кодекстің 
қабылданғанын атап ӛтуге болады. Қазіргі күні аталмыш құжаттардың 
маңыздылығын ескере отырып, кӛрші елдер де оларды ӛздерінде іске асыруға 
мүдделілік танытуда. Жаңа Салық кодексі алдағы кезде мемлекет 
қазынасына түсетін салық кӛлемін ұлғайту мақсатында жасалды. Бұл 
құжатқа сәйкес, ендігі жерде шетел инвесторларына салық тӛлеуге қатаң 
талап қойылып, ал жергілікті кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеспен 
айналысуына бірнеше жеңілдіктер беріледі. 
Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру сала кәсіпорындарына салық салуда 
неғұрлым айқын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ол Қазақстанның 
салық жүйесінде неғұрлым жоғары белгілілік пен мӛлдірлікті қамтамасыз ете 
алады. Ӛткен жылы ―2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет 
туралы‖ заңның да маңыздылығы орасан екенін атап ӛту қажет. Бұдан басқа 
―Мемлекеттік мүлік туралы‖, ―Ұлттық әл-ауқат қоры туралы‖ заң 
жобаларының, бұл құжаттардың экономика саласын жандандыруға соны 
серпін беретіні айдан анық. 
Қазіргі жаһандық қаржы дағдарысының дауылы ең ауқатты 
мемлекеттердің экономикасының ӛзін шайқалта бастаған кезде ―Қазақстан-
2030″ барлық қазақстандықтардың ӛсіп-ӛркендеуі, қауіпсіздігі және әл-
ауқатының артуы‖ атты стратегияда айқындалған мемлекеттік бағыт тұрақты 
түрде біздің мемлекетіміздің үш тұғырлы міндеті болып қала береді. Біздің ӛз 
күштеріміз бен қорларымызды қайтадан топтастыру жолындағы жүзеге 
асырып жатқан әрекеттеріміз еліміздің бағытының ӛзгергендігін білдірмейді.  
Басқару дағдарысы - басқарушы жүйелердің сананың бұқаралық және 
астаң-кестең болған жағдайына бейімделмегендігінен туған жаһандану 
үрдісінің бір салдары. Мұндай жағдайда басқару кӛбіне кӛз жеткізіп 
үгіттеумен жүргізіледі. Алайда сананың қалыптасуы қашан да екіжақты 
сипатта болады: басқа біреудің санасын қалыптастыра отырып, сіз сӛзсіз ӛз 
санаңызды да ӛзгертесіз. Басқарушы жүйе де ӛзгелерді сендіремін деп жүріп, 
ӛзі де сеніп қалады, сӛйтіп, әділдігінен айырылады. Бұл эффект - ӛзін-ӛзі 
бағдарлау - сананы қалыптастыруды тиімді бизнеске айналдырумен 
байланысты алғашқы қауіп: басқарушы жүйелер бүкіл дамыған әлем 
кӛлемінде ӛзінің парапарлығын жоғалтуы мүмкін, ол адамзат үшін ӛте 
қауіпті болып табылады. Онымен екінші қауіп те байланысты сананы 
қалыптастырушы мамандардың кәсіби ауыруы: әлемнің барлық ӛзекті 
мәселелерін "миды тазарту" арқылы шешуге тырысуы. Шектеулі кӛлемде бұл 
тәсіл тиімді болуы мүмкін, алайда егер ол үстемдік ете бастаса, басқарушы 
жүйелердің дағдарысына алып келеді. Үшінші қауіп басқарушы жүйелердің 
жауапкершілігінің тӛмендеуімен байланысты. Сананы қалыптастыру 


23 
технологияларының тиімділігі оның иелерінің ықпалын арттырып, қуатты, 
құдіретті қылады. Онымен қоймай "құдіреттілік үшін ақы" тӛлемейді: адам 
жаңа пайымдаулар мен ӛзге адамдардың санасын қалыптастыра отырып, ӛзін 
Қүдайға жақын жаратушыдай сезінеді. Ақпараттық сананың тӛртінші 
қаупідемократияны тарылту, ӛңін айналдыру. Себеп тек қазіргі 
демократияның негізгі тірегі болып отырған мемлекеттің әлсіреуінде емес. 
Қоғамның санасының қалыптасуы үшін маңызды шешімдер қабылдауға 
қатысатын немесе оған еліктеуге тұрарлықтай ӛнегелі игі жақсыларына, 
оның біраз бӛлігіне ықпал етсе жеткілікті. Сананы қалыптастыруға 
бағытталған бүл талпыныстар барысында жақсы-жайсаң- дардың санасы 
ӛзгеріп, қоғам санасынан ӛзгешеленеді. Осы орайда игі жақсылар қоғамнан 
алшақтап, бӛлініп қалады, сӛйтіп, ӛз тиімділігін жоғалтады. Осылайша 
демократияның мәні жоғалады, ӛйткені, қоғамның тӛменгі жігінде пайда 
болған идеялар мен кӛзқарастар игі жақсылардың онымен бӛліспегендігінен, 
оларды қабылдамағандығынан қоғамның капиллярлы жүйелері арқылы 
жоғары ӛрбімейді. Нәтижесінде демократияның әлеуеті игі жақсылардың ӛз 
болар-болмас ӛлшеміне сай тарылып қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет