201
Тәрбие ұстанымдары
мүшіріктердің жер бетінен жойылып кетуі үшін
дұға етуін сұрағандарға да Рақым пайғамбары:
«Мен
лағынет айтып, қарғыс жаудыру үшін емес, мейірім
ретінде ғана жіберілдім»
231
дегені мәлім.
Адамдар түгілі жан-жануарларға да бәддұға (теріс
бата, жаман тілек) жасауға тыйым салған Ардақты
елші:
«Балаларыңа қарғыс айтпаңдар, бұл қабыл бо-
луы мүмкін»
232
деп балаларға ұрсып, қарғап-сілемеу
керектігін ескерткен-ді.
Мұсылман ғалымдары хадистегі «қабыл болуы
мүмкін» деген сөзді негізге ала отырып мұндай жаман
тілек, теріс бата баланың мінезін өзгертіп, тәрбиесіне
кері әсер ететінін баса айтқан.
Бірде бір кісі Абдуллаһ ибн Мүбәрәкқа келіп
баласының тәртіпсіз, бұзық екенін айтыпты. Абдуллаһ
ибн Мүбәрәк: «Балаңды қарғыстап па едің?», – деп
сұрапты. Әлгі адам: «Иә», − деп жауап берген кезде,
«Онда баланы өзің бұзған екенсің», − деген жауап
естіген екен
233
.
Имам Ғазали балаға ұрса беретін болса, оның бұл
сөздерге әбден еті үйреніп жаман қылықтарды жасауға
одан әрі батылдана түсетінін, айтылған сөздің балаға
мүлде әсер етпей қалатынын айтады
234
. Балаларға жа-
ман сөз айтып ұрысуға тыйым салған имам Шафиғи
«Бұл әрекет баланың өз бауырларына, тіпті өзіңе қарсы
шімірікпестен дәл солай сөйлеуіне апарады» дейді.
231
Муслим, Бирр 87; Мәжмәуз-зәуәид 8/72
232
Муслим, Бирр 87;
Әбу Даууд, Сала 27
233
Айнул-илм (Шәрх) 1/419; Адабы мәнәзил 4-ден И. Жанан,
Пейгамберин сүннетинде тербие, 329-330-б.
234
Ихя, 3/73
202
Исламдағы бала тәрбиесі
Жаман сөз баланың психологиясына және тұлғалық
қалыптасуына кері әсер ететінін қазіргі мамандар да
бірауыздан құптайды. Балаға ұрса берсе, кейін оның
бұл сөздерге еті үйреніп қалатындығы соншалық, ондай
сөздерден ләззат алатындай дәрежеде психологиялық
ауытқушылықтардың қалыптасатынын айтады. «Сені
тастап кетемін», «саған ана болмаймын», «сені жек
көремін», «басқа бір бала асырап аламын», «өлтіріп
тынатын болдың ғой» т.б. сияқты сөздер баланың бой-
ында сенімсіздік, қараусыз қаламын деген үрей, өзін
қор санау сияқты комплекстердің қалыптасуына жол
ашатынын айтады. Балаға «сен жамансың, ақымақсың,
қолыңнан түк келмейді» дей берсе бала соған сеніп, со-
лай қабылдап қалады. Оның орнына «сен жақсысың,
сүйкімдісің, ақылдысың» деу керек. Сонда ол жақсы,
еңбекқор, пысық, сүйкімді болып сені ренжітпей риза
ету үшін барын салады» дейді
235
.
Достарыңызбен бөлісу: