Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Ақтық айқас және Аллаһтың жәрдемі



Pdf көрінісі
бет206/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Ақтық айқас және Аллаһтың жәрдемі 
Мүшріктер қолы соңғы рет бар күштерін салып, орлардың жан-
жағынан шабуылға кіріседі. Шайқас ә дегеннен қызды. Зулаған оқта есеп 
жоқ. Тас жаудырғандар да қалысар емес. Шайқастың ең ауыр сәтінде 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) үстіндегі желбегейін жерге лақтыра салып тізе бүкті 
де көкке қол жайып Жаббар Иеге жалбарынды: 


308
"Уа, Құранды түсірген, қауым тайпаларды азапқа ұшыратқан Аллаһым! 
Мына ру-тайпаларға қарсы шығуға бізге көмек бер! 
Аллаһым! Саусақпен санарлық мұсылмандардың көзі жойылса, жер 
бетінде саған құлшылық ететін жан қалмайды". 
Сол күні кешке дейін қызу айқастар толастамады. Түн түндігі түскенде 
барып қарсыластар атысты тоқтатып шатырларына шегінеді. Түн ортасы 
ауғанда Жебірейіл періште Пайғамбарымызға келіп біраздан кейін Алланың 
қатты дауыл тұрғызып, дұшпан әскерінің быт-шытын шығаратынын 
сүйіншілете жеткізді. Періштенің әкелген хабарын ести сала Пайғамбарымыз 
отыра қалып алақанын жайып: 
"Маған және асхабыма деген қайырымың үшін мың да бір шүкір, мадақ 
айтамын уа, Аллаһым!" - деді. 
Сенбінің түні. Төңіректі қою қараңғылық басқан мезетте мүшріктер 
орналасқан алаңда аяқ астынан дауыл тұрып, ұйқы-тұйқы етті. Қыстың суық 
түнінде құйынды боранның есуі мүшріктерді естерінен тандырды. Ызғын-
шуғын алаңда бірін-бірі көру де, тану да мүмкін емес. 
Дұшпан көз аштырмас дауылдан қорқып дал болып тұрғанда 
әскерлерден бұрын қолбасы Әбу Суфиан түйесіне мініп: 
"Тез көшудің ыңғайын жасаңдар, ал мен кеттім", - деп басын ала 
қашты. Құрайыштың ақсақалдары жекіп тоқтатпағанда әскерлерін тастап 
кете берері сөзсіз еді... 
Артынан айыптағандарды естіп қайта оралғаннан көптің басын 
біріктіру мүмкін еместігіне көзі жетті. Жиналғаны жиналғандай, Меккеге 
бағыт алды... Сақтық үшін 200-ге жуық атты әскермен бірге ол кезде әлі 
мұсылмандарға қарсы шайқасып жүрген Амр ибн Ас пен Халид ибн Уәлид 
бақылау-барлау ниетімен артта қалады. 
Балапан басына, тұрымтай тұсына дегендейін, мүшріктердің өзі 
бытырай қашқанын көрген одақтас тайпалар да елдеріне жетіп алуға асықты. 
Пайғамбарымыз бен мұсылмандарға Аллаһтан келген көмек жайлы Ахзаб 
сүресінің 9-аятында мазмұндалады: 
"Уа, иман келтіргендер! Аллаһтың сендерге берген жақсылығын, 
нығметін (көмегін) ұмытпаңдар. Бір кездері сендерге шабуыл жасап, біз 
сендерге (көмек ретінде) оларға (жауға) қарсы дауыл соқтырып, сендер көре 
алмайтын әскерлер (періштелер) жіберіп едік. Аллаһ істегендеріңнің бәрін 
көруші". 
Дұшпанның 
үлкен 
азапқа 
ұшырап, 
шегінгенін 
көргенде 
Пайғамбарымыз күлімсіреп Аллаһқа шүкір айтып: 
"Аллаһтан басқа иләһ жоқ! Тек сол ғана бар. Аллаһтың әскерлері әзіз. 
Құлына да (ол) көмектеседі. Араб тайпаларын жеңдірді...", - деді. 
Мүшріктердің босқа әуреленіп қайтқаны Құранда да баяндалады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   202   203   204   205   206   207   208   209   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет