Дамира Өмірзаққызы Ибрагим адамзаттың асыл тәЖІ


Жәһилия дәуіріндегі азғындаушылықтар



Pdf көрінісі
бет39/273
Дата06.10.2022
өлшемі2,95 Mb.
#41583
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   273
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Жәһилия дәуіріндегі азғындаушылықтар 
Әбу Тәліп мұнан былай нұр жүзді Мұхаммедті қасынан бір елі 
қалдырмайды. Оның болашақта үлкен азамат, тұлға болатынына сенімі арта 
түскен. Баланың тәрбиесіне бұрынғыдан бетер көңіл бөліп, айтқанын екі 
етпейді. Мұхаммедтің де (с.а.у.) ақылы толып, мінезі жайдарылана түскен. 
Сондай-ақ, сымбатты, орта бойлы бозбаланың көркіне көз тоймайтын. 


62
Толқынды қара шашы, қалың қара қастары ашық маңдайына ерекше рең 
беріп, мөп-мөлдір қарақаттай көздері мен қап-қара ұзын кірпіктері ажарын 
даралап тұратын. 
Ұлы Аллаһ Тағала әу бастан оны адамзаттың пайғамбары етіп 
жаратқан-ды. Сондықтан ол Раббының тәрбиесін тікелей алатын. Бүткіл 
Арабстанды, оның ішінде Меккені де жайлаған надандық, әдепсіздік, 
пасықтық тәрізді жамандық атаулыдан пәк еді. Әсіресе, елді кеңінен 
жайлаған пұтқа табынушылықты, пұттарды жек көретін. Оның бос әурешілік 
екенін жас та болса білетін. Өмірінде пұт атаулыға жолап көрген емес. Реті 
келгенде мынадай оқиғаны баяндай кетейін. 
Құрайыш мүшріктерінің дәстүрі бойынша жылына бір рет Бууана 
есімді пұттың айналасына жиналып, сол жерде шаш-сақалдарын кесіп, 
құрбан шалып тойлау әдеті бар болатын. Осы салтанатқа Әбу Тәліп те 
отбасымен бармақ болады. Дәл үйден шығар тұста Мұхаммед (с.а.у.) ойын-
сауыққа қатыспайтынын айтқанда көкелері жатып кеп ренжиді: 
"Тәңірінің құрметіне ұйымдастырлатын думанға барғым келмейді 
деген не сөз? Қанарына ұшырап кетем деп қорықпайсың ба? Бұл қылығың 
біздің әулетке тіпті жараспайды", - деп. Өкпе айтып, жалынып қоймаған соң 
көңілдерін қимай Мұхаммед (с.а.у.) ағаларының соңынан еруге келіседі. Бар 
жақсысын киіп, сыланып-сипанып, мәз-мейрам болған елге ілесіп ол да 
салтанат өтетін жерге келеді. Іштей бұл әрекетке наразы болса да, 
амалсыздан әрең келген Мұхаммед (с.а.у.) Бууана пұтының жанына 
жақындағанда аяқ астынан жоқ боп кетеді. Ел-жұрт аң-таң. Біраздан соң 
сонадай жерде дірілдеп-қалшылдап қара терге түскен күйінде көреді. 
Бауырлары шошып: 
"Не болды, саған, не көрдің?" - деп тұра жүгірді. 
Сүйікті Пайғамбарымыз: 
"Мен пұттың қасына жақындағаным сол еді, ақ киімді, ірі денелі бір 
кісі пайда болды да: 
"Ей, Мұхаммед (с.а.у.), ары тұр, пұтқа жолаушы болма", - деп дауыс 
көтерді. Онан соңғысын өзім де білмеймін", - деді. 
Осы оқиғадан кейін пайғамбарымыз күні өткен рәсімдерге қатыспаған. 
Пайғамбарлық туын көкке көтеретін, тәухидті түсіндіретін тұлғаның өз 
сеніміне кереғар дүниелерден бала кезінен-ақ аулақ жүруі заңды да. Хақ 
Тағала сүйікті елшісін сол кезден бастап қорғады, тәрбиеледі. Сүйікті 
Пайғамбарымыздың өзі бір сөзінде: 
"Құдіретті күшті Аллаһ Тағала маған тек әдептілікті нәсіп еткен", -
деген. Мүшріктер де оны мойындаған. Батыс ғалымдарының да исламға 
қатысты еңбектерінде атап көрсеткендей, Мұхаммед (с.а.у.) жайында көп 
әңгіменің түйіні оның адамгершілігі мен әдептілігіне келіп тоғысады. 


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   273




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет